Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
about
«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) өз қызметінде қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытуға жәрдемдесу ұстанымын, ISO 9001-де жарияланған сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) қағидаттарын басшылыққа ала отырып, агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтай отырып, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2024-2033 жылдарға арналған Даму стратегиясын әзірледі, оның іске асырылуы ауылдық жерлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырумен географиялық қамту санын, көлемі мен ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ қаржы институттарының қаражатын ауыл шаруашылығына қайта бағыттау үшін жағдайлар жасауға ықпал ететін болады, Қоғам қызметінің тиімді моделін қалыптастыруға, корпоративтік басқарудың ашықтығын және Қоғам клиенттерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шешімдер қабылдау жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
about-2
lamp

Қоғам өзінің негізгі қызмет бағыттарын айқындады:

  • қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру;
  • бәсекеге қабілетті бизнесті дамытуға жәрдемдесу;
  • Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру.

Қызметінің стратегиялық бағыттарын орындау үшін Қоғамның жоғары басшылығы өзіне міндеттеме алады:

01 уақтылы және негізделген шешім қабылдау және қажетті ресурстарды бөлу

02 Акционерлердің, инвесторлардың және өзге де мүдделі тараптардың құқықтарын сақтау

03 Қызметтің түйінді көрсеткіштерінің теңдестірілген (жүйесінің құрылуын қамтамасыз ету және оларды стратегиялық деңгейден функционалдық және операциялық деңгейлерге дейін одан әрі каскадтау арқылы тиімділікті басқару жүйесін арттыру)

04 Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін сапа менеджменті жүйесін жетілдіру

05 Тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін жетілдіру

06 Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін қызметтің түйінді бағыттары бойынша персоналдың құзыретін арттыру

Қоғамның жоғары басшылығы осы Саясатты іске асыру, Саясаттың жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерге сәйкестігін тұрақты талдау және сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін арттыру үшін жауапкершілікті өзіне алады.

Қоғамның жоғары басшылығы қызметкерлердің бейілділігін, бастамашылығы мен кәсіпқойлығын жоғары бағалайды және осы Саясаттың барлық деңгейлерде сақталуына үміттенеді.

«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының 2024 жылға арналған сапа саласындағы МАҚСАТТАРЫ

Сапа саласындағы Саясатта жарияланған міндеттемелерге қол жеткізу үшін Қоғам мынадай мақсаттарды айқындады:

  • Қоғамның қаржыландыру бағдарламалары шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенді кемінде 330,0 млрд. теңге көлемінде кредиттеуді қамтамасыз ету;
  • агроөнеркәсіптік кешен саласындағы негізгі капиталға кемінде 135,1 млрд. теңге инвестиция көлемін (бір жыл ішінде) қамтамасыз ету;
  • микро-, шағын және орта кәсіпорындардың субъектілеріне қаржылық қолдау көрсетілуін қамтамасыз ету – 8 868 субъект;
  • NPL деңгейін – 7,29 % қамтамасыз ету
  • жалпы активтерден – 70,22 % кредиттік және инвестициялық портфель үлесін қамтамасыз ету;
  • Қоғамның сапа менеджменті жүйесіне инспекциялық аудит жүргізілуін және ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес Қоғамның сапа менеджменті жүйесінің Қоғамдағы сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін жақсартуға бағытталған жұмыс күйінде сақталып тұруын қамтамасыз ету.