Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
about-2

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің 94-тармағына сәйкес Қоғам тұрақты даму саласындағы іс-шаралар жоспарын әзірледі

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Тұрақты даму саласындағы саясатының 67-тармағына сәйкес 2024 жылғы 13 наурыздағы Қоғам Басқармасымен Тұрақты даму және ESG қағидаттарын «Аграрлық несие корпорация» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі процестеріне интеграциялау жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Тұрақты даму және ESG қағидаттарын «Аграрлық несие корпорация» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі процестеріне интеграциялау жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында мыналар көзделген:

  • тұрақты даму/ESG қағидаттарын негізгі процестерге енгізу;
  • Компанияның БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (БҰҰ ТДМ) қол жеткізудегі үлесі;
  • тұрақты даму/ ESG бойынша құзыретті арттыру;
  • ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіру/әзірлеу;
  • әкімшілік-шаруашылық қызметке тұрақты даму/ESG қағидаттарын енгізу;
  • тұрақты даму/ ESG бойынша құзыретті арттыру;
  • тұрақты даму/ ESG бастамаларына қатысу;
  • есептілікте және корпоративтік сайтта тұрақты даму/ESG саласындағы ақпаратты ашу айқындығын арттыру.