1. Директорлар Кеңесі отырысының саны мен қатысуы.
2022 жылдың 3-тоқсанында «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесі 4 отырыс өткізді, оған Директорлар кеңесінің барлық 7 мүшесі қатысты.
2. Директорлар Кеңесі комиттетері отырысының саны мен қатысуы.
2022 жылдың 3-тоқсанында Қоғамның Директорлар кеңесі комитеттерінің 9 отырысы өтті. Барлық комитет отырыстарына 100% комитет мүшелері қатысты.
3. Директорлар Кеңесінің күндізгі және сырттай отырыстарының арақатынасы.
Директорлар кеңесі 1 күндізгі және 3 сырттай отырыс өткізді.
4. Директорлар Кеңесіне үміткерлерді ұсыну рәсімі.
Жалғыз акционер үміткерлердің құзіретін, дағдысын, жетістігін, іскерлік беделі мен кәсіби тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында, қоғамның жарғысында және ішкі құжаттарында айқындалған тәртіппен Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды.
Директорлар Кеңесінің мүшелері:
1) Директорлар Кеңесіне жалғыз акционердің өкілдері ретінде сайлауға ұсынылған тұлғалардан;
2) Қоғамның акционері болып табылмайтын және директорлар Кеңесіне акционердің өкілі ретінде сайлауға ұсынылмаған (ұсыным берілмеген) жеке тұлғалар арасынан сайланады.
5. Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру рәсімі (жалғыз акционердің мәселесін қарау).
Директорлар Кеңесі алдын ала бекіткен және/немесе мақұлдаған мәселелерді жалғыз акционердің қарауына Қоғам директорлар Кеңесі шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жібереді.
6. Акционерлердің жалпы жиналыстарының күн тәртібіне ұсыныстар енгізу (жалғыз акционердің мәселесін қарау) рәсімі.
Жалғыз акционердің басқармасы туралы ережемен анықталады.
7. Директорлар Кеңесі отырысының күн тәртібіне ұсыныстар енгізу рәсімі.
Директорлар Кеңесінің отырысы директорлар Кеңесі төрағасының немесе Қоғамның атқарушы органының бастамасы бойынша не директорлар кеңесінің, ішкі аудит қызметінің, Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның, жалғыз акционердің кез-келген мүшесінің талап етуі бойынша шақырылуы мүмкін.
Мәселеге ұсынылған және толық көлемді материалдар ескеріле отырып, кейін Қоғамның директорлар Кеңесінің төрағасы бекіту үшін директорлар Кеңесі отырысы күн тәртібінің жобасы қалыптастырылады.
Директорлар Кеңесінің отырысын шақыру туралы талап директорлар Кеңесінің төрағасына отырыстың ұсынылып отырған күн тәртібін қамтитын тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы қойылады.
8. Директорлар Кеңесінің жұмысын бағалау туралы ақпарат.
Директорлар Кеңесінің қызметіне 2023 жылғы 2-тоқсанда баға беріледі.
9. Директорлар Кеңесінің мүшелеріне арналған тренингтер туралы ақпарат.
Әлі өткізілген жоқ.