Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының Мониторинг бөлімінің Бас маманы

Лауазымның атауы

 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының Мониторинг бөлімінің Бас маманы

Бөлімше

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының Мониторинг бөлімі

Негізгі лауазымдық міндеттері

Филиалдың құзыреті шеңберіндегі жобаларға мониторинг жүргізу арқылы, Қоғамның тікелей қарыз алушылары бойынша несие портфелінің сапасына бақылау жүргізу

Жұмыс орны

Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Жезқазған қ.

Кандидатқа қойылатын талаптар

Білімі

қаржы-несие саласындағы кемінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда жоғары (экономикалық немесе қаржылық-экономикалық) білім немесе техникалық білім

Білімге (деңгейі, бейіні және т.б.) қойылатын талаптар

сертификаттардың болуы

Жұмыс тәжірибесі

Қаржы саласындағы кемінде 2 жылдық немесе техникалық біліммен кемінде 5 жылдық жұмыс өтілі

Міндеттерді орындау үшін қажетті білім, шеберліктер, машықтар және тұлғалық-іскерлік қасиеттер

Білімі:

  • Қоғамның қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер;
  • Қоғам қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар;
  • Қоғамның бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;
  • экономика, қаржылық жоспарлау негіздері, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру;
  • ИСО 9001 ХС халықаралық стандартының талаптары;
  • мемлекеттік тілді білуі.

Шеберліктері:

  • мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар кешенін ұйымдастыру және жүзеге асыру шеберлігі, оның ішінде қарыз алушылардың қаржылық жай-күйлеріне, қарыздарды мақсатты пайдалануға, корпоративтік клиенттердің қарыздары төлемдерін уақтылы өтеуге;
  • корпоративтік клиенттердің кепілмен қамтамасыз етуін ұзартуымен, қайта құрылымдаумен, қаржыландыру шарттарының өзгеруімен, босатумен және ауыстырумен байланысты мәселелерді қарастыра білу;
  • нарықтық құнын айқындау актілерін, бағалау бойынша есептердің сараптамаларын, кепіл мүлкін қарап-тексеру актілерін қалыптастыру қабілеті;
  • сараптамалық нарықтық құнын анықтау үшін қажетті анықтамалықтармен, бағдарламалармен жұмыс істей білу қабілеті;
  • ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес ұсынылымдар бере білу қабілеті.

Тұлғалық-іскерлік құзыреттер:

  • көп міндеттілікке қатысты сабырлылық;
  • тіл табысқыштық (адамдармен тез байланыс орната білу, адамдармен қарым-қатынас жасай білу шеберлігі);
  • нәтижеге бағдарлану;
  • сауатты ауызша және жазбаша тіл шеберлігі;
  • жоспарлау және басымдық бере білу қабілеті;
  • қажетті ақпаратты тез таба білу;
  • белсенді өмірлік ұстаным;
  • тұрақты өзін-өзі дамыту;
  • клиентке бағдарланушылық.

Байланыс үшін: Сейдалина Динара Борисовнa

E-mail: seydalina.D@agrocredit.kz

Телефон: 701 006 15 63 ішкі 3096