AgroCredit
Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Кредиттік тәуекелдер бөлімінің менеджері

Бос лауазымның атауы

Кредиттік тәуекелдер бөлімінің менеджері

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Тәуекел менеджменті департаменті

Лауазымдық нұсқаулықтағы негізгі лауазымдық міндеттері

Қоғамның кредиттік тәуекелдерін тәуелсіз және уақытылы сәйкестендіру, бағалау, мониторинг жүргізу және басқару.

Өтінім бойынша байланыс жасайтын тұлға және оның лауазымы

Кредиттік тәуекелдер бөлімінің басшысы Керимбаева Ж.А.

Бос орынның пайда болуы мақсаты / себебі: қызметкердің ауысуы

КАНДИДАТҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптары (лауазымдық нұсқаулықтан):

Жоғары экономикалық/математикалық білім

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер;
  • Қоғам қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік материалдар;
  • ХС ИСО 9001 халықаралық стандарттарының талаптары.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті құзыреттер:

Функционалдық:

  • қаржылық, салықтық және басқарушылық есептілікке талдау жүргізе білу;
  • статистикалық деректермен, математикалық және қаржылық модельдермен жұмыс істей білу;
  • үлкен деректер ауқымдарын өңдей білу машығы, талдау жүргізу қабілеті (SWOT, бенчмаркинг және т. б.);
  • тиімді презентация және іскерлік қарым-қатынас машығы;
  • нормативтік құжаттарды, сараптамалық қорытындыларды әзірлеу машығы;
  • қаржы институттарының (ЕДБ, КС, МҚҰ, ЛК) тұрақтылығын бағалауға арналған рейтингтік жүйелерді құру машықтары;
  • заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істеу машықтары.

Тұлғалық:

  • көп міндеттілікке қатысты сабырлылық;
  • тіл табысқыштық;
  • оң нәтижеге бағдарлану;
  • сауатты жазбаша және ауызша тіл шеберлігі;
  • жоспарлау және басымдық бере білу қабілеті;
  • қажетті ақпараттық жылдам таба білу қабілеті;
  • тұрақты өзін-өзі дамыту;
  • мемлекеттік тілді меңгеру.

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:

  • мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 (үш) айдан кем емес, немесе заңды тұлғаларға кредит беру саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Жұмыс шарттары:

  • Жұмыс тәртібі: толық жұмыс күні, 5/2
  • Жалдау нысаны: еңбек шарты
  • Әлеуметтік пакет: медициналық сақтандыру
  • Орналасқан орны: Астана қ., Иманов к-сі, 11, «Нұрсәулет 1» БО.