5353
Call-орталығы
Директорлар кеңесі
Корпорацияның Директорлар кеңесі – Корпорацияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын және Корпорацияның атқарушы органының қызметін бақылайтын басқару органы болып табылады, бұл ретте Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңымен және/немесе Корпорация Жарғысымен Корпорацияның Жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда. Сондай-ақ, ол стратегиялық басшылықты жүзеге асырады және орнықты дамуды енгізуді бақылауды қамтамасыз етеді, төмендегі мәселелерге ерекше назар аударады:
Корпорацияның Директорлар кеңесі өз қызметін 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Корпорация Жарғысына, Корпорацияның Корпоративтік басқару кодексіне, Жалғыз акционердің шешімдеріне және Корпорацияның өзге де құжаттарына сәйкес жүзеге асырады. Оның мақсаты – Холдинг өкілеттік ететін Жалғыз акционердің мүдделерін сақтай отырып, АӨК субъектілерін қаржыландыру саласында қойылған міндеттерді ең аз құқықтық, қаржылық және беделдік тәуекелдермен орындау.
Директорлар кеңесінің құрамы оның мүшелерінің біліктілігіне, тәжірибесіне, білімдеріне және іскерлік қасиеттеріне қарай теңгерімді болып табылады және Жалғыз акционердің сеніміне ие.
Директорлар кеңесінің мүшелері ауыл шаруашылығы, экономика және бизнес-менеджмент, сондай-ақ құқық саласында мінсіз іскерлік беделге, білімге, дағдыларға және тәжірибеге ие.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесі 7 мүшеден тұрды, олардың 3-і (43%) тәуелсіз директорлар болып табылады. Бұл шешімдердің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және Корпорация мүдделеріне сәйкес барлық мүдделі тараптарға әділ қарауды қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Тәуелсіз директорларды таңдаудың басты өлшемшарты – олардың кәсібилігі және объективті, сыртқы ықпалдан тәуелсіз шешімдер қабылдау қабілеті. Тәуелсіз директорлар Корпорацияда үздік халықаралық тәжірибені қолдану үшін өздерінің білімі мен тәжірибесімен белсенді түрде бөліседі. Олар Директорлар кеңесі комитеттеріне жетекшілік етеді және халықаралық басқару тәжірибесін енгізеді. Тәуелсіз директорлар мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін мәселелерді талқылауға белсенді қатысады, мысалы: қаржылық және қаржылық емес есептілікті дайындау, мәмілелер жасасу, атқарушы органға кандидаттарды ұсыну және атқарушы орган мүшелерінің сыйақысын айқындау.
2024 жылы Директорлар кеңесінің 22 мәрте көзбе-көз отырысы өткізілді. Барлық отырыстар кворум сақтала отырып өткізілді.
Директорлар кеңесінің комитеттерінің 45 отырысы өткізілді, қатысу деңгейі – 100%.
Кеңес ал!