Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Басшылық

Dinkelaker Jorg Andreas

Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор

Директорлар кеңесіне бірінші сайлану күні: 26.05.2021

Директорлар кеңесіне ағымдағы сайлану күні: 25.08.2021

Туған күні: 09.09.1964

Білімі (оның ішінде оқу орны, оқу жылдары, мамандығы, кәсіби біліктілігі туралы мәліметтер): 

  • 1992-1994, Саясаттану, ұлттық экономика және өнер тарихы, Штутгарт университеті.
  • 1994-2002, Ауыл шаруашылығы ғылымын жалпы зерттеулер, Хоэнхайм университеті, ауыл шаруашылығы инженерия саласындағы деңгей - аграрлық ғылымдар инженерінің дипломы.

Жұмыс тәжірибесі (соңғы бес жылдан кем емес): 

  • 2016-2018 – Нарық қатынастары және агробизнесті дамыту бойынша аға сарапшы – CIM (GIZ Жасыл инновациялық орталық бағдарламасы) Эфиопия Ауыл шаруашылығын Трансформациялау Агенттігінің (ATA) сарапшысы – Ауыл шаруашылығын коммерцияландыру кластерлері аясында; 
  • 2018-2019 – Германияның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы федералды министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің екі ел арасындағы аграрлық сектордағы қарым-қатынастарды жақсарту жобасының жетекшісі – Германия-Қазақстан аграрлық саяси диалогы;
  • 2019-2021 – «ҚазАгро» холдингі» АҚ тәуелсіз директоры;
  • 2020 ж. ақпан - 2021 ж. маусым  – ХҚДБ (Дүниежүзілік банк) Солтүстік Арал теңізін дамыту және қайта жаңғырту жобасы бойынша қысқа мерзімді кеңесшісі – P170187 2-компонентті әзірлеуде: Қызылорда облысында тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметті қолдау; Орталық Азиядағы суаруды жаңғырту бойынша ХҚДБ (Дүниежүзілік банк) қысқа мерзімді кеңесшісі
  • 2020 ж. қарашадан – CEO Dinkel Consult (аграрлық консалтинг, аграрлық сектордағы бизнесті дамыту, әртүрлі шаруашылықтарға техникалық және бизнесті дамыту бойынша кеңес беру).
Қазіргі уақытта басқа ұйымдардың Директорлар кеңесіндегі жұмыс және мүшелік: жоқ

Компанияның акцияларына меншік құқығы: жоқ

Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына меншік құқығы: жоқ
Тізімге оралу