5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Проблемалық берешекті реттеу

Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлем жасауға қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар

Міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек қалыптасқан жағдайда, Қарыз алушы Қоғамға баруға және (немесе) шартта көзделген тәсілмен, шарт бойынша міндеттемені орындаудың мерзімінің өтіп кетуінің себептері, кірістер және оның шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін негіздейтін басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті жазбаша нысанда немесе шартта көзделген тәсілмен ұсынуға құқылы, оның ішінде келесілермен байланысты:

1. негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру

2. өтеу кестесін өзгерту (ұзарту)

3. тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл), комиссияларды және өзге де төлемдерді есептен шығару

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және шарттың талаптарына қайшы келмейтін өзге де тәсілдер.

Қоғамның шарт талаптарына енгізілген өзгерістерді қарауы

Қоғам ішкі нормативтік құжаттарда және қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен және мерзімдерде шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістерді жазбаша нысанда немесе шартта көзделген тәсілмен қарастырады және төмендегілер туралы қарыз алушыға хабарлайды:

1. шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу;

2. шарттың талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстарын (қажет болған жағдайда Қоғамның қайта құрылымдауды ұсыну туралы шешім қабылдауы үшін, құжаттардың тиісті тізбесі сұратылуы мүмкін);

3. осындай бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, Шарт талаптарын өзгертуден бас тарту.

Кредитордың қарыз алушы талаптарды орындамаған жағдайдағы қабылдайтын шаралар

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына және шарттардың талаптарына сәйкес, Қарыз алушының міндеттемелері орындалмаған және/немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, Қоғам белгіленген тәртіппен төмендегілерге құқылы:

1. Қарыз алушының кез-келген банктік шоттарынан берешекті өтеу есебіне ақшаны акцептісіз және даусыз алып қоюды жүргізуге;

2. Қарыз, сыйақы, айыппұлдар (тұрақсыздық айыбы) және шығындар сомасын қайтаруды талап ете отырып, Шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы мәлімдеуге;

3. Лизинг нысанын талап етуге, лизинг нысанын пломбалауды және/немесе лизинг нысанын уақытша алып қоюды жүзеге асыру немесе лизинг нысанасын нақты пайдалануды өзге тәсілмен шектеу тәрізді шектеу сипатындағы шараларды жүргізуге;

4. Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Шарттың талаптарында көзделген кез-келген шараларды қолдануға, оның ішінде шартты орындау талаптарын өзгертуге, шарт бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап арызбен жүгінуге, сондай-ақ кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен (Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе сот тәртібімен өндіріп алуды жүзеге асыруға.