Қазақстан мен Түркияның ауыл шаруашылығы мамандары кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсат – агросақтандыру саласы бойынша тәжірибе алмасу. Кездесуде Аграрлық несие корпорациясының өкілдері Қазақстандағы агросақтандыру жүйесін таныстырды. Ерікті сақтандыру жүйесін іске асырудың 2020-2024 жылдары фермерлер шамамен 1,5 млн га егіс алаңын, 13,3 млн құс басын және 84,4 мыңға жуық малын сақтандырды. Сақтандыру сыйақысының бір бөлігін субсидиялау 5,9 млрд теңгені құрады. Сақтандыру жағдайларына байланысты сақтандыру компаниялары фермерлерге 7,3 млрд. теңгеден астам қаржы төледі. Ал фермерлердің сақтандыруға жұмсаған шығындары небәрі 2,2 млрд.теңгені құрады.