ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған делегация Жетісу облысына іссапармен барды. Онда облыстағы бірнеше қант өңдеу кәсіпорындарының жұмысымен танысып, қант қызылшасын өсіретін егіс алқабын да аралады. Құрамында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев бар делегация аймақтың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады. Айдын Еділханұлы жобаларды қаржыландыруға қатысты фермерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады