AgroCredit
Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Қазақстандық аграршылар егістіктер мен жайылымдарды сақтандыра алады

Дәнді және майлы дақылдарды, сондай-ақ жайылымдарды сақтандыру бойынша бағдарламаларды іске асыру жұмыстары басталды. Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру операторы болып табылады.

Сақтандыру шарттарын Agroinsurance ақпараттық жүйесінде www.qoldau.kz сайтында жасауға болады.

ЕГІСТІКТІ САҚТАНДЫРУ

Сақтандыруға болатын дақылдарға бидай, арпа, сұлы, жүгері, күнбағыс, рапс және зығыр жатады. Сақтандыру Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының аграршылары үшін қолжетімді.

Дәнді дақылдар бойынша топырақта ылғал жетіспеушілігінен сақтандыру шарттарын 16 сәуірге дейін, майлы дақылдар бойынша – 30 сәуірге дейін жасасуға болады.

Құрғақшылықтан сақтандыру бойынша сақтандыру кезеңі үш фазаға бөлінген. Егер егістер 15 мамырдан 14 тамызға дейінгі кезеңде (үш фазалы өнім) сақтандырылатын болса, онда сақтандыру полисінің құны сақтандыру сомасының 4,8% - ын құрайды. Егер сақтандыру кезеңі 15 маусымнан 14 тамызға дейін жалғасатын болса (екі фазалы өнім), тариф сақтандыру сомасының 3,2% - на тең болады.

Өнімдер бойынша сақтандыру сыйақыларын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көзделген – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сақтандыру полисі 50% - ға арзандатылады.

Құрғақшылықтың басталуы индекстер негізінде анықталады, оны сақтандыру компаниясы топырақтағы ылғал туралы тарихи мәліметтер негізінде есептейді. Келесі маусымды есептеу кезінде әрбір аудан бойынша, оның ішінде өткен жыл бойынша ауа райы деректері ескеріледі. Осылайша, индекс көрсеткіштері жыл сайын өзгеріп отырады. Сондықтан әлеуетті сақтанушылар сақтандыру шарттарын жасасу кезінде индекстердің жаңа көрсеткіштеріне назар аударуы қажет.

«Егістікті құрғақшылықтан сақтандырудың екі жылғы қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 млрд 327,3 млн теңге төленді, - дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы  Алмат Әшірбеков. - Бұл ретте аграршылар енгізген сақтандыру сыйлықақысының сомасы 241,5 млн теңгені құрады, тағы 241,5 млн теңге мемлекеттік субсидия ретінде енгізілді».

ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ САҚТАНДЫРУ

Оператор жайылым биомассасы тапшылығының индексіне негізделген - жайылымдарды сақтандыру шарттарын  бекітті.  Бір жылдық және көп жылдық шөптері бар жайылымдарды сақтандыруға болады. Сақтандыру мерзімі - 1 мамырдан 30 тамызға дейін. Сақтандыру тарифі - 3,2%. Жайылымдарды 16 сәуірге дейін сақтандыру қажет.

Өрістердің мониторингі өсімдіктерді судың салыстырмалы мөлшерін тіркейтін және биомасса тапшылығы индексінің көрсеткіштерін қамтамасыз ететін Жерді қашықтықтан зондтау көздерімен жүзеге асырылады.

Өнім бойынша 50% мөлшерінде сақтандыру сыйақылырын субсидиялау жүзеге асырылатын болады.

Басқарма төрағасы атап өткендей, шарт жасасудан бастап сақтандыру төлемдеріне дейінгі барлық рәсімдер электрондық платформада жүргізіледі. Процестерді автоматтандыру адам факторының әсерін болдырмауға мүмкіндік береді және олардың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Жүйеде Қазақстан Республикасының қаржы нарықтарын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары жұмыс істейді. Сондай-ақ әлемдік нарықта «А» рейтингі бар үш Халықаралық қайта сақтандыру компаниясы тартылды, олар отандық компаниялар өзіне алған тәуекелдерді қайта сақтандырады. Бұл өз активтерін сақтандырған компанияларға кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Анықтама ретінде:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді. Корпорацияның жұмысы жеке қаржы институттарын тарту және АӨК субъектілерінің құзыреттерін арттыру арқылы қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру жолымен республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесуге бағытталған.