1 гектардан 30 тонна картоп

«Аграрлық несие корпорациясының қаржысына бірнеше жыл бұрын қоймаға қажетті құрылғы сатып алған едік. Былтыр тағы да жүгіндік, жеңілдетілген несиеге 5 дана жаңбырлатқыш машина алдық. Биыл 200 жерге картоптың гала сортын ектік, голландық технологияның және суару қондырғысының арқасында гектарына жылдан 30 тонна өнім алып отырмыз», - дейді «Қоғабаев Н.С» шаруа қожалығының басшысы Нұржан Қоғабаев.
5 жыл сайын картоп егіп, ауыспалы егіс жүйесін сақтап, агротехникалық шараларды уақытылы орындайтын шаруа биыл да мол өнім алуға үмітті. Ал дайын өнімді сату қиындық туғызбайды. Күзгі жиын-теріннен соң «екінші нан» көкөніс қоймасына сақталып, қыс бойы жоғары бағамен сатылады. Бұған қоса, агроферма мал азықтық дақылдарды да егеді, алқапты жаңбырлатып суаратын техниканың арқасында құнарлы жем-шөптің де шығымы жаман емес.