5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

2019 жылы Аграрлық несие корпорациясы 15 мың бұқаның тұқымдық түрлендірілуін қаржыландырады

2019 жылы Аграрлық несие корпорациясы 15 мың бұқаның тұқымдық түрлендірілуін қаржыландырады

2018-2027 жж. арналған Етті мал шаруашылығын дамытудың ұлттық бағдарламасының қаржы операторы Аграрлық несие корпорациясы болып табылады.

Ұлттық бағдарлама:

  • ІҚМ алып келуді (импорттауды) қаржыландырудан;
  • асыл тұқымды бұқаларды сатып алуды (тұқымды түрлендіруді) қаржыландырудан;
  • мал жемдейтін орындарды толтыруды және кеңейтуді қаржыландырудан тұрады.

Зәкір кооперацияны дамыту арқылы фермерлермен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ететін операторлар-мал жемдейтін орындар тұқымды түрлендіруде негізгі рөл атқарады.

Тұқымды түрлендіруді қаржыландыру шағылысу кезеңі аяқталғаннан кейін асыл тұқымды өндіруші бұқаны мал жемдейтін орынға қайтару шартымен шағылысу кезеңіне ұйымдық шаруашылықтарға (ШҚ, ФШ, ЖШС) және қоғамдық табындарға кейін беру мақсатымен операторлардың-мал жемдейтін орындардың асыл тұқымды өндіруші бұқаларды сатып алуын несиелендіру арқылы жүзеге асырылады.

Оператор-мал жемдейтін орын мен асыл тұқымды бұқа күтілген ұйымдық шаруашылықтың арасында ІҚМ басының нарықтық бағасы бойынша төлін (бұқаларды) сатып алу шарты жасалуы мүмкін.

Тұқымды түрлендіру бағыты бойынша 2018 жылы етті тұқымды асыл тұқымды өндіруші бұқаның 2709 басын сатып алу қаржыландырлды.

Биыл 15 000 өндіруші бұқаны сатып алу үшін Операторларды қаржыландыру жоспарланды, бұл төлдейтін малдың 375 мыңнан астам басын тұқымды түрлендіру процесімен қамтуға мүмкіндік береді. 

Бағдарламаның қолжетімді шарттарын атап өткен жөн: несие алу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялауды ескерумен пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 6%сатып алынатын асыл тұқымды бұқа және келешекте түсетін субсидиялар кепілдікді қамтамасыз етеді.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде фермерлер және үй шаруашылықтары асыл тұқымды емес малдан анағұрлым өнімді төлді алатын болады. Мал жемдейтін орын жемдеу тиімділігін арттыра алады, өйткені асыл тұқымды түрлендіруден төл анағұрлым көп салмақ өсімін және жем конверсиясының жоғары деңгейін береді.