5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

1 гектардан 30 тонна картоп

1 гектардан 30 тонна картоп

Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Ахмет ауылындағы «Қоғабаев Н.С» шаруа қожалығы 15 жылдан бері картоп өсірумен айналысады. Әу баста 80 гектар жерге картоптың гала сортын еккен қожалық оны өзіндегі жаңбырлатқыш машинамен суарған. Алайда алқаптың көлемін бірнеше есе арттырғасын қолдағы бар техника аздық қылыпты. Кәсіп иесі көп ойланбастан бұған қажетті қаржыны алу үшін өзінің бұрынғы инвестициялық әріптесі – Аграрлық несие корпорациясына жүгінген.

«Аграрлық несие корпорациясының қаржысына бірнеше жыл бұрын қоймаға қажетті құрылғы сатып алған едік. Былтыр тағы да жүгіндік, жеңілдетілген несиеге 5 дана жаңбырлатқыш машина алдық. Биыл 200 жерге картоптың гала сортын ектік, голландық технологияның және суару қондырғысының арқасында гектарына жылдан 30 тонна өнім алып отырмыз», - дейді «Қоғабаев Н.С» шаруа қожалығының басшысы Нұржан Қоғабаев

5 жыл сайын картоп егіп, ауыспалы егіс жүйесін сақтап, агротехникалық шараларды уақытылы орындайтын шаруа биыл да мол өнім алуға үмітті. Ал дайын өнімді сату қиындық туғызбайды. Күзгі жиын-теріннен соң «екінші нан» көкөніс қоймасына сақталып, қыс бойы жоғары бағамен сатылады. Бұған қоса, агроферма мал азықтық дақылдарды да егеді, алқапты жаңбырлатып суаратын техниканың арқасында құнарлы жем-шөптің де шығымы жаман емес.