Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Ақбас сиыр төзімді екен...

Ақбас сиыр төзімді екен...
Кезінде құрылысшы болып еңбек еткен Қызылорда қаласының тұрғыны Батырбек Арыстанов 2009 жылы інісімен бірігіп шаруа қожалығын ашқан. Күріш егіп, азды-көпті мал ұстаған фермер 2015 жылы Аграрлық несие корпорациясына жүгініп жылқы сатып алған екен. Алайда ұры-қары маза бермегесін басқа түлікті өсіруді жөн санапты. Кейін зейнетке шыққан соң сол баяғы сенімді қаржы операторының «Сыбаға» бағдарламасымен қазақтың ақбас тұқымды сиырын сатып алған. 

«2021 жылы Ресейден 100 ақбас құнажынды көлікпен Сырдария ауданы, Қоғалы ауылына әкелдік. Неліктен ақбас десеңіз, бұрын әулиекөл, ангус, герефорд т.б. ірі қара тұқымын баққанбыз. Сонда осы тұқымның біздің климатқа төзімді екенін білдім. Қазір сол импорттық сиырлар бұзаулап жатыр, 80 пайызы туса үлкен жетістік болар еді. Көбі жолға шыдамай іш тастап кетті», - дейді «Сейітбек» шаруа қожалының құрылтайшысы Батырбек Арыстанов.

Қазір асыл тұқымды түліктер Жезқазған жақтағы Сарысу өзенінің бойында бағылып жатыр. Әзірге, кәсіпкер етті нарыққа шығара қоймаған. Бұйыртса, осы күзде  сиыр етін саудаламақ, ол үшін бұқаларды бағдарлама шартына сай Шағандағы мал бордақылау статусы бар қожалыққа өткізеді. Ал мал басының өсуімен жұмысшы саны 3 адамға көбейген. Айтпақшы, агробизнесмен осы мүмкіндікті пайдаланып, биыл күзде тағы да корпорацияға жүгініп, көрші елден 40-50 бас ақбас сиыр әкелмек.