5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Табысты стартап жобалар науқаны

Табысты стартап жобалар науқаны

Аграрлық несие корпорациясының Павлодар филиалы «Еңбек» кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Іскер» кредиттеу бағдарламасы бойынша несие беру әлеуметтік кампаниясын аяқтады.

Ағымдағы жылы Павлодар филиалы 106 бизнес жобаны қаржыландыру үшін 714 млн теңгені игерді. 100-ден астам жұмыс орны құрылды.

Тереңкөл ауданының Тереңкөл ауылында ашылған «Jas Ai» дәмханасы табысты жобаның бірі болып табылады. Ашылу салтанаты ағымдағы жылдың маусымында өтті. «Жасмин» атты жеке кәсіпкерге 4,7 млн теңге мөлшерінде қарыз берілді.

«Іскер» бағдарламасын іске асырудың табысты мысалы – Май ауданының «Елдос» шаруа қожалығы болып табылады. Ағымдағы жылдың маусым айында қарыз алушы «Бизнес-бастау» бағдарламасы бойынша кәсіптің қыр-сырын үйреніп, «Екібастұз» КС» ЖШС-інен 19 800 000 теңге мөлшеріндегі несиеге өтінім берді. Нысаналы мақсаты – 100 бас жылқы сатып алу. Қарыз мерзімі – 7 жыл.

Барлығы «Еңбек» әлеуметтік мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар филиалы стартап жобаларға 249 млн теңге берді, сондай-ақ 143 млн теңге бизнес ханымдардың еншісіне тиді.