5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Аграрлық несие корпорациясы Мираторг компаниясымен келісімге келді

Аграрлық несие корпорациясы Мираторг компаниясымен келісімге келді

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаевтың Мәскеу қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Брянск ет компаниясымен қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне арналған 5 мың (20 мыңға дейін арттыру мүмкіндігімен) бас абердин-ангус асыл тұқымды малдарын жеткізу туралы келісім шартқа қол қойылды. Келісім шарт аясында барлық ветеринарлық-карантиндік және эпизоотиялық-профилактикалық іс-шараларды ескере отырып, ірі қара малды жеткізу туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Сонымен қатар осы келісімнің аясында осы жылдың көктемде «AiZet Farms» (Ақмола облысы) ет өңдеу зауытымен 1000 бас асыл тұқымды мал жеткізуге арналған, сондай-ақ «МТС «Жайма» ЖШС (Павлодар облысы) Аграрлық несие копорациясының қарыз алушыларына арналған 5 мың ірі қара мал басын осы жазда  жеткізу бойынша оператормен келісімшартқа қол қойылатын болады.

Ірі қара мал жеткізуші оператор, әдетте, шет елден ірі қара малды импорттауда тәжірибесі бар компания болып табылады. Оператор соңғы тапсырыс берушілердің өтінімдері негізінде шетелдік жеткізушілермен ірі қара мал жеткізу бойынша келісім-шарт жасайды және малдарды карантиннен өткізу үшін және ветеринариялық процедуралар жасау үшін Қазақстандағы карантиндік аймаққа жеткізеді. Осыдан кейін ақырғы алушылар  ірі қара малды іріктеуді жүзеге асырады.

Анықтама үшін: Брянск Ет компаниясы Ресейдегі жетекші ет өндірушісіне - «Мираторг» Агроөнеркәсіптік холдингіне кіреді. БЕК өнімдері жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес. Компания малдарды генетикалық түрлендірілген қоспаларды, антибиотиктерді, гормондарды және өсуді тездететін қоспаларды пайдаланбай, өздерінің таза жем-шөптерімен өсіреді.