5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Аграрлық несие корпорациясы «Кемел Кәсіпкер» атты іскерлік ойынға қатысты

Аграрлық несие корпорациясы «Кемел Кәсіпкер» атты іскерлік ойынға қатысты

Аграрлық несие корпорациясы «Кемел Кәсіпкер» бизнес-кейстерді шешуге арналған Чемпионатқа серіктес ретінде қатысты, сондай-ақ Корпорация алдында тұрған нақты жағдайлардың және бизнес мәселелердің негізінде әзірленген өзінің кейстерін де ұсынды.

Чемпионат іскерлік ойындар сериясы болып табылады, олар барысында студенттер түрлі бизнес-мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Жоба классикалық өңірлік оқу орындарын кәсіпкерлікке түрлендіруге, сондай-ақ өңірде кәсіпкерлік қоғамдастықты және студенттерде кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға бағытталған.

Аграрлық несие корпорациясы сияқты қазақстандық компаниялардың чемпионатқа қатысуы ірі отандық компаниялардың алдында тұрған нақты бизнес мәселелерді шешу арқылы студенттерге нақты кәсіпкерлікке қол тигізуге мүмкіндік береді.

Аграрлық несие корпорациясы серіктес ретінде қатыса отырып, студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуда өңірлік оқу орындарына қолдау көрсетеді, сондай-ақ Корпорация ұсынған нақты бизнес-мәселелерді шешуде студенттердің шығармашылық және инновациялық қасиеттерін бағалайды. Өзіндік идеялармен ерекшеленген студенттерді Аграрлық несие корпорациясы болашақта тәжірибеден өтуге алуға дайын.

Айта кететін жайт, іс-шара ERG (Еуразиялық Топ) компаниясының бастамасымен Алматы Менеджмент университетімен және Қазақстандағы Тель-Авив университетінің Достар қауымдастығымен серіктестікте құрылған «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының шеңберінде өткізіледі.

Жарыстар 16 сәуірде Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінде (ИнЕУ) өтті. 23 сәуірде Қостанай Инженерлік-Экономикалық Университетте өтеді.