5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Аграрлық несие корпорациясы 100 мың бұқа сатып алуға арналған бордақылау алаңдарын қаржыландырады

Аграрлық несие корпорациясы 100 мың бұқа сатып алуға арналған бордақылау алаңдарын қаржыландырады

2018-2027 жж. арналған етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі ұлттық бағдарламаның қаржы операторы - Аграрлық несие корпорациясы. Ұлттық бағдарламаның бағыттарының бірі бордақылау алаңдарын қаржыландыру болып табылады. Олар заманауи технологияларға сәйкес ақырғы азықтандыруды жүзеге асырады және экспортқа шығаратын сұрыпталған еттің үлкен партияларын жасайды.

Бүгінгі таңда АӨК алдында ет экспорттауды ұлғайту міндеті тұр. Бұл ретте осы бағыттағы негізгі рөлді ірі азықтандыру алаңдары орындайды. 5 жылдың ғана ішінде жылына 150 мың бас немесе 300 мың басты бір жолғы ұстайтын 60 бордақылау алаңын салу жоспарланып отыр. Бұл 5 жылдан кейін жылына 60 мың тонна және 10 жылдан кейін 180 мың тонна сиыр етін өндіруге мүмкіндік береді.

Бордақылау алаңдарын толықтыру және кеңейту үшін қаржыландыру бір реттік 1000 мал басы ұсталынатын бордақылау алаңдарын, бұқаларды ары қарай бордақылау мақсатында сатып алу, сою және сыртқы нарықтарға ет, ет өнімдері мен тірі мал түрінде сатуды несиелеу арқылы жүзеге асырылады.

2018 жылы Корпорация 8 млрд. теңгеге әртүрлі тұқымдағы 41 мыңнан астам бұқаларды сатып алу үшін 14 бордақылау алаңын қаржыландырды.

Биылғы жылы 100 мың бұқаны сатып алуға арналған бордақылау алаңдарын қаржыландыру жоспарланып отыр, бұл жалпы алғанда 30 мың тоннаға дейін ірі қара мал етін экспорттауға мүмкіндік береді.

Бағдарламада несие мерзімі несиелік желіні 4 жылға дейін ашу мүмкіндігімен 12 айға дейін, субсидиялар есебімен қосқанда сыйақы мөлшерлемесі жылына 6% құрайтын қолжетімді шарттар қарастырылған. Кепілдікке сатып алынған мал және өтімді кепілсат алынуы мүмкін, сондай-ақ «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыруды кепілге ұсынуға болады.

Қаржыландыруға өтінімдер Аграрлық несие корпорациясының өңірлік  филиалдарында және Орталық аппарат кеңсесінде қабылданады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі

Моб: +77073708847

тел: (7172) 55 99 16