5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Аграрлық несие корпорациясы Абай мен Ұлытау облысында филиалын ашты

Аграрлық несие корпорациясы Абай мен Ұлытау облысында филиалын ашты

Аграрлық несие корпорациясы Абай (Семей қ.) және Ұлытау (Жезқазған қ.) облысында филиалдарын ашты. Енді осы өңірлердегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өздерінің облыстық филиалы қызмет көрсетеді. 

Шығыс Қазақстан және Қарағанды филиалынан жаңа құрылымдық бөлімшелерге жаңа өңір аумағында іске асырылатын жобалар бар несие қоржыны беріледі. Бұл филиалдарды қосқанда Аграрлық несие корпорациясының енді 16 аймақтық және 3 қалалық (Астана, Алматы, Шымкент) филиалы бар. 

Қазіргі таңда филиалдардың штаттық кестесі әзірленіп, ғимараттарды жалға алу, жиһаз, техника, телефон байланысымен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылуда.

Сурет: visiteast.kz, egemen.kz