Аграрлық несие корпорациясы Қазақ радиосымен бірлескен жоба бастады
Хабарда ірілі-ұсақты фермалар жеңілдетілген несиені қалай алады, қандай бағдарламалар бар, мемлекеттік қолдау механизмі қаншалықты тиімді, шаруаға пайдасы қандай және т.б. тақырыптар талқыға түседі.
Радиобағдарламаны тәжірибелі журналист Анас Ақатұлы жүргізеді. Алғашқы саны несие серіктестіктері арқылы несие беруге арналды. Кәсіп бастағаңыз келсе, тыңдаңыз, пайдасы тиеді.
Хабарға Аграрлық несие корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Олжас Баймаханов пен «Аршалы» несие серіктестігінің Басқарма төрағасы Қаржубай Ахметжанов қатысты.
Сілтемесі міне:
https://qazradio.fm/kz/audio/53583