5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен Павлодар облысында тауарлы-сүт фермасы ашылды

Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен Павлодар облысында тауарлы-сүт фермасы ашылды

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жоламан ауылында 1000 бас ірі қараға арналған «Ақтоғай Агро» тауарлы-сүт фермасы ашылды. Құны 6 млрд теңге, оның 5 млрд теңгесін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ берген. Жаңа ферманың ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, Аграрлық несие корпорациясының басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков және т.б. қатысты.

Корпорация қаржысына кәсіп иесі алғашқы партиямен Словакиядан сүтті-етті бағыттағы симменталь тұқымды 93 құнажын әкелген. Жыл соңына дейін тағы 1000 бас астам ірі қара екінші партиямен жеткізілмек. Заманауи бұл ферма өңірдің ішкі нарығын толықтай сүтпен қамтамасыз етпек. Ферма жыл сайын 8,9 миллион литрге дейін сүт өндіреді. Мұнда 90 жұмыс орны ашылды.

Тауарлы-сүт фермасын қаржыландыру – Аграрлық несие корпорациясының басым бағыттарының бірі. Корпорация қаржыландырған 59 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Жобалардың жалпы құны 68,4 млрд теңге, оның ішінде 45,1 млрд теңге – корпорация арқылы жеңілдетілген қаржыландыру. Іске қосылған жобалардың жалпы қуаты - жылына 261,2 мың тонна сүт.