5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Аграрлық несие корпорациясы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды жалғастырып жатыр

Аграрлық несие корпорациясы  көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды жалғастырып жатыр

Аграрлық несие корпорациясы "Кең дала"бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыруды жалғастырып жатыр. Биыл бұл мақсатқа 140 миллиард теңге жұмсалады.

Республикалық бюджеттен бөлінген алғашқы транш - 70 миллиард теңге корпорацияның шотына түсті.

Шаруалар жеңілдетілген несие қаражатын аймақтардағы кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары арқылы алады.

"Кең дала" бағдарламасы бойынша берілетін несиенің мерзімі - келесі жылдың 1 наурызына дейін. Несие қаражаты қаржы ұйымдарына 1,5% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен және 1,5% - дан басталатын жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Ал қаржы ұйымдары шаруашылықтарға несиені жылдық 5% -ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен рәсімдейді.

Айта кетейік, бағдарлама шартында былтыр енгізілген жаңашылдықтар сақталды: егер бұрын несиелеу мерзімі қаржыландыру жылымен шектелген болса, енді келесі жылдың көктеміне дейін ұзартылып отыр.

 Анықтама:

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы. Корпорация 2001 жылдан бері мал және егін шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сондай-ақ ауылдық жерлерде кәсіпкерліктің басқа да бағыттарын дамыту жөніндегі жобаларға жеңілдетілген несие береді. Несие бағдарламалары туралы толық ақпарат agrocredit.kz сайтында бар. 

фото syngenta.ca