5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Аквакультурадан - агротуристік кешенге дейін

Аквакультурадан - агротуристік кешенге дейін

Ниет пен талап бар жерде ештеңе қолбайлау емес. Балық өсірудің бабын тауып, агротуризмді де дамытуға болады. Жамбыл облысының тұрғыны Әбдірахим Қуанышбаев 14 жылдан бері аграрлық салада жемісті еңбек етіп жүр. Ауыл шетіндегі үйінің қасынан көл жасап, жер асты бұлақтардың көзін ашып, су асты тіршілік иесін өсіруге кіріскен. Алайда кәсібін дамытуға қаржы керек еді. Агробизнесмен көп ойланбастан өзі бұрыннан жақсы білетін Аграрлық несие корпорациясына жүгініпті. 

«Балық өсіру үшін корпорациядан осы уақытқа дейін бірнеше рет несие алған шығармын. Шамамен 5-6 млн теңге рәсімдедім. Несиенің пайызы тиімді, 1 жыл демалысы бар, бізге өте ыңғайлы. Төмен мөлшерлеме мен жеңілдетілген мерзім үлкен көмек. Биыл Польшадан бақтақ балығының уылдырығын әкелдік. Қазір арнайы тоғандарда 3 миллион шабақ өсіріліп жатыр. Бізде үш түрлі балық бар», - дейді «Алтын бұлақ» шаруа қожалығының басшысы Әбдірахим Қуанышбаев.

Шабақ тауарлы өнімге айналғанша 6 айға дейін уақыт керек. Қазір кәсіп иесі балық сатудан көл-көсір пайда тауып отыр. Шаруаның ендігі ойы бұл жерді ірі агротуристік кешенге айналдыру. Бұған мүмкіндік те жоқ емес. Әу баста істі осылай жоспарлаған кәсіпкер жайқалтып бау-бақша да өсіруді қолға алған. Жалпы, аквакультура ұлттық экономикада ерекше рөлге ие. Себебі Қазақстан әлемнің 10 еліне балық экспорттап отыр.