5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Айболат Әбенов Аграрлық несие корпорациясын басқарды

Айболат Әбенов Аграрлық несие корпорациясын басқарды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының шешімімен Айболат Әбенов «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) Басқарма төрағасы болып сайланды. Бұған дейін ол Корпорацияның басқарушы директоры - Басқарма мүшесі лауазымын атқарған, филиалдарды Кредиттеу және олардың қызметі мәселелеріне жетекшілік еткен.

Айболат Әбенов Мәскеу халық шаруашылығы институтын экономист-өндіріс менеджері мамандығы бойынша бітірген. 19 жыл қаржы секторында орталық және өңірлік деңгейдегі түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» ҰБХ» басқармасының шешімімен Бағлан Құлтаев тараптардың келісімі бойынша мерзімінен бұрын қызметінен босатылды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауылда бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын кредит берудің қолжетімді жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Корпорация «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының құрамына кіреді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша АНК таза пайдасы шамамен 20 млрд теңгені құрады.