5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Айдын Досқараев Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының отырысына қатысты

Айдын Досқараев Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының отырысына қатысты

Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының ұйымдастыруымен аймақтық филиалдар кездесуі өтті. Оған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасының орынбасары мүшесі Айдын Досқараев қатысты.

Жиынға Қауымдастық төрағасының орынбасары Ермек Әбуов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов , ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев, сондай-ақ қауымдастықтың барлық аймақтық филиалдарының басшылары онлайн режимде қатысты.

Жиын Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі шаруалардың өзекті мәселелеріне арналды. Негізгі проблемалық тақырыптар: ЕГИСС платформасының жұмысы, жанар-жағармай және суару жөніндегі мәселелері, шөп шабу, жәндіктермен күрес, форвардтық сатып алулар, шаруаларды несиелендіру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға мемлекеттің көмегі және т.б.

Жиын барысында қатысушылар Ауыл шаруашылығы вице-министрі мен АНК өкілдеріне тікелей сұрақтар қойып, оларды шешу жолдары мен мерзімдерін талқылады.

Кездесу нәтижесінде Мәжіліс депутаты Ж.Дайрабаев Ауыл шаруашылығы министрлігі мен АНК-ге шаруалардың мәселелерін шешудегі ашықтығы мен дайындығы үшін алғысын айтса, Қауымдастық Төрағасының орынбасары Е.Әбуов осындай шараны жүйелі түрде өткізіп тұруды ұсынды.