5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Бұрынғы мұнайшы - бүгінгі бағбан

Бұрынғы мұнайшы - бүгінгі бағбан

Бұл фермерлік жылыжайдың ашылғанына санаулы ай болса да, аймаққа жақсы таныс. Себебі табиғаты қатаң, жері жұтаң Атырауда дәл осындай нысан салу екінің бірінің қолынан келмейді. Кешегі мұнайшы, бүгінгі зейнеткер Байғали Сақып енді бақшаның бабын тапқан бағбан атанған. 

«Аграрлық несие корпорациясының қаржысына былтыр күзде тамшылатып суару жүйесі бар жылыжай мен көшетхана салдым. Биыл алғаш рет қияр ектік. Еңбек ететін адамға климат қолбайлау емес, білім болса болғаны. Басында қиындау, бір жолға түссе, жемісін береді», - дейді "Ақниет" ШҚ басшысы Байғали Сақып. 

600 шаршы метр жылыжайдан зейнеткер екі рет өнім алмақ ниетте. Түсімді жергілікті сауда нүктелеріне өткізбек. Агроном болмаса да, мұнайшы-зейнеткер алғашқы жылдың өзінде ұлымен бірге көкөніс егуді біршама меңгерген. Ал болашақта сол өнімді қайта өңдейтін цех салуды да көздеп отыр.