5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

"Бәйтерек" холдингінің Басқарма төрағасы Аграрлық несие корпорациясының жұмысымен танысты

"Бәйтерек" холдингінің Басқарма төрағасы Аграрлық несие корпорациясының жұмысымен танысты

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на келді. Кездесудің мақсаты – агроөнеркәсіп кешені саласындағы жобаларды қаржыландыру процесімен танысу.

Корпорация басшылығы 2023 жылғы қаржыландыру жоспары, инвестициялық жобаларды іске асыру жұмысы, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыратын "Кең дала" бағдарламасы туралы толық ақпарат берді.

Корпорация несиелеу қызметін облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан филиалдар желісі арқылы, сондай-ақ кредиттік серіктестіктерді, екінші деңгейдегі банктерді, микроқаржы ұйымдарын және лизингтік компанияларды қаржыландыру жолымен жүзеге асырады.

Холдинг басшысы Аграрлық несие корпорациясының несие және цифрландыру департаменттерінің жұмысымен танысты.

«Несиелеу процесін автоматтандыру мәселесін үнемі бақылауда ұстау керек. Шалғайдағы ауыл тұрғындарының облыс орталығындағы филиалға бармай, қашықтан несие алуға өтініш бере алатындай жағдайы жасалуы тиіс. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жастарға шағын несие беру бойынша онлайн өтінім қабылдау платформасын енгізуді жеделдету қажет", - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл кәсіпкерлерінің жобасын қаржыландыруға 330 миллиард теңге бөлу жоспарланып отырғанын айтты. Шағын несиелеу, кредиттік процестерді автоматтандыруды жалғастыру, инвестициялық жобаларды қаржыландыруды ұлғайту биылғы міндеттер болып айқындалғанын атап өтті.