5115

Call-Орталығы 5115 (Kcell/Activ абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Нұр-Сұлтан қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Балық өңдеуді қолай көрген

Балық өңдеуді қолай көрген

Ақмола облысының Қорғалжын ауданы көлге өте бай. Ұсақтарын есептемегеннің өзінде 12 ірі көл бар екен. Бірақ балыққа бай өңірде оны өңдейтін бірде-бір цех жоқ-етін. Нарықтың осы бір олқы тұсын көріп өскен ауданның тумасы Ерсайын Хасенов әжетке жарата білді. «Fish Product» ЖШС құрып, былтыр Аграрлық несие корпорациясының қаржысына Абай ауылынан балық өңдейтін цех ашқан. Жеңілдетілген шартпен берілетін несиеге шетелдік заманауи құрал-жабдық сатып алыпты.

«Бізде фарш, котлет сияқты жартылай фабрикат пен қақталған өнім шығаратын екі технологиялық желі бар. Дайын өнімді Елордаға асханаларға сатамыз. Шортан, табан, көксерке, мөңке т.б. өзен балықтарын өңдейміз. Балық қалдықсыз өндіріс қой. Сүйегінен балық ұнын өндіреміз. Ал несиеге келсек, бірінші рет алдым, тиімді екен, каникулы бар. Несиемен бизнес бастаған жанға бұл үлкен демеу», - дейді кәсіпорын басшысы Ерсайын Хасенов.

Қорғалжындағы алғашқы әрі жалғыз балық өңдеу цехінің қарымы тәулігіне 1 тонна балық өңдеп, 600 кг дайын өнім шығаруға жетеді. Бұған қажетті шикізаттан тапшылық жоқ. 2021 жылдан бастап тоғанда бірнеше балық өсіреді. Ал 2 жылдан кейін, яғни қолдан өсірген балықтар өсіп-жетілген соң сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие көксерке сүбесін экспортқа шығармақ. Құрылыс, көлік, ет өңдеу сынды бірсыпыра бизнесте бағын сынаған кәсіпкер енді агробизнеске ден қойып отыр.