5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Шағын несиенің үлкен мүмкіндігі

Шағын несиенің үлкен мүмкіндігі

Тараз дүниежүзілік қолөнершілер қаласының біріне айналуы мүмкін. Әлемде бұл тізімге 55 қала енген екен, бірақ Қазақстанның бірде-бір шаһары жоқ. Қолөнері өркен жайған қалада 80-ге жуық шебер тұрса, соның 30%-ы киіз өнімдерін дайындайды. Соның бірі он саусағынан өнер тамған ісмер Гүлнәр Абдуллаева да заман ағымына қарай икемделген. 2009 жылы «Дәнжан» жеке кәсіпкерлігі ретінде тіркеліп, цех ашқан тігінші уақыт талабына сай өнім шығаруды көздепті. 

«Тек қыз жасауымен кәсіп жасау қиын, сол себепті 2020 жылы Аграрлық несие корпорациясына жүгініп, сырып тігетін әмбебап тігін машинасын сатып алдым. Енді былғары, киіз, мақта салынған көрпе сияқты қалың материалды тіге аламын. Қызым да тігінші, өзім үйреттім, екеуміз бірге жұмыс істейміз. Ол жапсырмалы моншақпен түрлі дүние тігеді. Қазір киіз үй жасауға көбірек көңіл бөліп жатырмыз, киіз үйдің ішіне барлығы кіреді ғой», - дейді кәсіпкер Гүлнәр Абдуллаева.

Тігінші мамандығын меңгерген кәсіпкер сүйікті кәсібінен ешқашан қол үзбеген. Бала күтімімен үйде отырғанда қыз жасауына тапсырыс алыпты. Бүгінде іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі атанған ол жастарға үнемі тегін шеберлік сыныбын өткізеді, енді күзде киіз үй фестивалін ұйымдастырмақ. Әрі еңбекке баулу сабағына арналған кітапша шығарып, мектептерге үлестірмек. Айтпақшы, қызы да өзінің жолын қуған ісмер. Міне, осылайша шағын несиенің үлкен мүмкіндігі жемісін беріп отыр.