5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Агрофирма экспорттық әлеуетін арттыруда

Агрофирма экспорттық әлеуетін арттыруда

Алматы облысы Балқаш ауданындағы «Dinara-Ranch» ЖШС ірі заманауи ферманың бірі. Құрамына төрт негізгі кәсіпорын кіретін компания иелігінде репродуктор, құрама-жем зауыты, екі мал бордақылау алаңы бар. Бірегей бұл жобалардың барлығы Аграрлық несие корпорациясының қаржысының жеңілдетілген несиесімен бой көтерген.

Агрофирма республика бойынша алғашқылардың бірі болып, АҚШ пен Канададан асыл тұқымды етті бағыттағы герефорд сиырларын әкелген. 15 мың ірі қараға арналған екі мал бордақылау алаңы бірінші санатты алаңға жатады. Мұндағы бұқалар қазір байытылған құнарлы жем-жөптің арқасында күніне орта есеппен 1500 грамм салмақ қосуда. 

Жем-шөп демекші, агрофирма 2019 жылы Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен ірі қараға, құсқа арналған құнарлы құрама жем шығаратын өндірісті іске қосты. Қонаев қаласындағы құрама жем зауыты тәулігіне 300 тонна өнім өндіреді. Бұған қоса, компанияда «суфольк», «иль-де-франс» тұқымды қой өсіреді. Әрі мал азығына қажетті дәнді бұршақ дақылдарын да өсіреді.

Серіктестік етпен бірге сүт өндірісін де арттыруға кіріскен. Тауарлы-сүт фермасы мен сауын залы үшін Аграрлық несие корпорациясының көмегіне жүгінген. Қазір компания иелігіндегі екі сүт фермасы 4200 бас сауын сиырға арналған. Заманауи кешен ішкі нарықты сүт өнімімен қамтамасыз етіп отыр. Ал сапалы сиыр етіне қазақстандықтармен қатар, шетелдің тұтынушылары да баға беріп үлгерген.