5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Дипломмен ауылдан үй алған

Дипломмен ауылдан үй алған

Мөлдір Ерболат әкесіне еліктеп, бала кезден мұғалім болуды армандаған. Кіндік қаны тамған Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Әлімбет ауылындағы орта мектепті бітірген соң Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне түскен. Қазір биология пәнінің мұғалімі.

«Әкем мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, ұстаздық жолды таңдауыма сол кісі ықпал етті. Қазір жастар қалада тұрғысы келеді ғой. Меніңше, сұранысқа ие маман атану әрі табыс табу үшін қалада тұру міндетті емес. Қазір қалаға тығыз шаруа болмаса, көп бара бермеймін», - дейді М.Ерболат.

Дипломмен ауылына оралған жас маман аудан орталығы Бадамша ауылындағы №2 мектепте мұғалім болып орналасып, тұрмыс құрған. Алайда баспанасыз жемісті еңбек ету қиын. Әлеуметтік пакетке сәйкес «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бұған жол ашқан. 

«Үш бөлмелі үйді өзіміз таңдадық. 4 млн теңгеден астам жеңілдетілген несиені 15 жылға алдық. Пайызы өте төмен. Егер бұл бағдарлама болмағанда, баспананы пайыздық мөлшерлемесі жоғары басқа банктер арқылы алар ма едік, кім білсін», - дейді екі баланың анасы Мөлдір. 

Айта кетейік, Аграрлық несие корпорациясы – «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық ипотека бойынша сенім білдірілген өкілі. Бағдарлама талабына сәйкес келген адамға үй алу үшін 1500 АЕК-ке дейінгі несие 0,01% пайызбен 15 жылға дейін беріледі.