5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

САДЫҚОВ НҰРЖАН: «КОРПОРАЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ-ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН ЖОБАНЫҢ ТҰРАҚТЫ БОЛУЫ»

САДЫҚОВ НҰРЖАН: «КОРПОРАЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ-ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН ЖОБАНЫҢ ТҰРАҚТЫ БОЛУЫ»

Мемлекет басшысы (биылғы) Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді-болашағы зор салалардың бірі екендігін атап өтті.Бүгінгі таңда бұл саланы дамытуда бірқатар жобалар қолға алынған.Соның бірі еңбек етіп,бизнес бастаймын деген адамға қаржылай көмек қолын созу.
Осы тұста біз ,«Аграрлық несие корпорациясының» Алматы қаласы бойынша филиал директоры Садықов Нұржан Қайыржанұлымен сұхбатты hnews.kzсайтының тілшісі ұсынады.

«Аграрлық несие корпорациясының» құрылуына не түрткі болды ? Шығу тарихын айтып кетсеңіз ?

— Негізгі себеп – ауыл шаруашылық саласын қайта жаңдандыру, шаруа қожалықтарды арзан және қолжетімді қаражатпен қамтамасыздандыру. Сонымен қатар, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру, экспорттық қабілетін арттыру, саланы керекті жабдықтармен қамтамасыздандыру және саланың өнімділігін көтеру – осының бәрі жеке қаржы институтының кұрылуына себеп болған жағдайлар. Корпорация «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобының құрамына кіріп, соның тікелей жетекшілік етуімен Қазақстанның барлық облыстарында орналасқан 13 филиал мен өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асыруда ауқымды жұмыстарды атқарды. Нақты айтатын болсақ, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аграрлық секторды кредиттеу мәселелері туралы» қаулысымен құрылды. Республика бойынша 180-нен астам несие серіктестіктері жұмыс атқарып жатыр. Еліміздің басты қалаларының бірі Алматыда 32 несие серіктестігі бар. Несие серіктестіктерінің құрылу мақсаты – аудандағы шару қожалықтарына керекті арзан әрі мақсатты қаражатпен қамтамасыз ету.

Компания құрылғаннан бері ауыл шаруашылығын дамытуда қосқан үлесі қандай ? Нақты статистика жүзінде айта кетсеңіз?

— Корпорация құрылғаннан бері 874 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Алматы қаласындағы филиал бойынша 2017 жылы 2 млрд теңгеге жуық несие бөлінсе, 2018 жылы 4 млрд тг қаржы бөлінген. Былтырғы жылға қарағанда екі есе көп. Корпорация тарапынан қолжетімді несие жүйесі құрылды. Демек, несие серіктестікке тікелей барып , несиені өз мақсатына жұмсауға болады. Несилендіру нәтижесінде, импорттық азық-түлік өнімдеріне тәуелділік түсіп , ішкі өнімдерінің сұранысы артуда. Сонымен қатар мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылық өнімдеріне экпорттық қабілет артты десек болады. Аграрлық саланың еңбек өнімділігін арттыруға елеулі үлес қосуда.

«Аграрлық несие корпорациясының» стратегиялық бағыттары қандай?

— 2017-2020 жылы бекітілген бірнеше стратегиялық бағыттар бар. Олар: aуыл шаруашылық саласының несиелендіру үлесін арттыру ; заманауи агротехнологияларды жаңғырту; агрокешенді субьектілерінің құзыреттілігін арттыру; ішкі бизнес процесстерін жетілдіру және ашықтылығын арттыру ; экспорттық әлеуетін дамыту мен іске асыруға жәрдемдесу.

Өткен жылдың қорытындысымен бөлісе отырсаңыз , несие алушылардың басым бөлігі қай бағытта ?

— Басты бағыттардың бірі — мал шаруашылығы. Өйткені, жер көлемі жағынан Қазақстан әлем елдері ішінде 9-орын алады. Ал, жайылым жері бойынша 5-орында. Айта кетерлік жайт, еліміздің 43%-ы ауыл тұрғындары. Нәтижесінде, бағдарламаның арқасында мал шаруашылық саласы басым.

Биыл қанша қаражат бөлінді ? Бөлінген қаражатқа не игеріліп жатыр ?

— Биылғы жылы 190-нан астам шаруа қожалықтарына 4 млрд.теңге шамасында бөлінді. «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 921 миллион қаражат бөлінді. Оны қараша айына дейін толығымен игереміз деген сенімдеміз. Бөлінген қаражат әсіресе , ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Енді жалпыдан жалқыға көшсек, несие кез-келген адамдарға беріле ме ? Қандай критерийлеріңіз бар ?

— Несие біріншіден-мақсатты , екіншіден-қайтарымды , үшіншіден-ақылы және мүлікпен қамтамасыз ету несие берудің басты қағидалары. Жалпы айтқанда несие жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына беріледі. «Нәтижелі жұмыспен қамту аясында» кез-келген азамат несие серіктестігі құрамына кіріп, «Атамекен» палатасында қысқа мерзімді білім алып несиеге қол жеткізуге болады.

Несие алғаннан кейін қадағалау жұмыстарын жүргізесіздер ме ?

— Міндетті түрде несиені қадағалау шаралары жүргізіледі. Несие беру саясаты бойынша өзінің талаптары бар. Қайтарымды ақша болғандықтан , тексеру шараларын жүргізу нәтижесінде берілген несиенің тиімділігін айқындаймыз.

Қандай жеңілдіктер қарастырылған ?

— Біріншіден, комиссия көрсетілмеген. Алғашында 2-3 жылға дейін төлем бойынша жеңілдік кезеңі көрсетілген. Несиені алушы төлемдерді ыңғайына қарап, жылына бір рет немесе тоқсанда бір рет төлеуге болады. Ең маңыздысы , жылдық пайыз мөлшері 4-8% — ды құрайды. Кепілдеме ретінде жылжымалы мүліктен басқа да , ауыл аймақтағы мүлік пен техника да қарастырылған.

Несие аламын деген азаматтарға қандай құжаттар мен талаптар керек ?

— Негізгі құжаттар тізімі қаржылау проектісіне орай, құжаттар тізіміне салық бойынша қарызы жоқтығы және екінші деңгейдегі банкттердің алдында қарызы жоқтығын растайтын анықтамалар, кәсіпкерлікке байланысты және кепілдеме ретінде ұсынылған мүліктін құжаттары қажет.

Өтінімдер мен құжаттарды қанша уақыт қарастырасыздар?

— Құжаттар тізілімі толығымен берілген жағдайда қарастыру уақыты 7-20 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

Несиені құлпынай, таңқурай жидектерін өсіретін шаруашылықтарға беру қарастырылған ба?

— Несиені құлпынай, таңқурай жидектерін өсіретін шаруашылықтарға беру жағдайы қарастырылған. Мәселен , «Агроэкспорт несие бағдарламасы» бойынша ауданы 50 га – дан асатын қарқынды бау-бақшаларды құруына несие көрсетілген. Сонымен қатар, көлемі 3 га-дан асатын жылыжай құру жобаларына, сыйымдылығы 2000 тоннадан асатын жеміс-көкөніс қоймасын жаңғырту, кеңейту, жаңасын құру жобаларына несие көрсетілген. Биылғы жылы Алматы қаласындағы филиал тарапынан облыста екі бақша құруына, екі жылыжайды салғанға, бір жеміс-жидек қоймасының құрылысына, 2 өнімді қайта өңдеу зауыттарының құрылуына, тіпті креветка өсіретін шаруашылықтың құрылуына қаражат бөлінген.

Онлайн режимінде қарыз алу мүмкіндіктері қарастырылған ба?

— Қазіргі таңда «E-Kazagro» порталы арқылы онлайн режимінде несие алғанға арыз жіберу мумкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, ұсыныстар мен ескертулер үшін телефон желісі де , жұмысын атқарып жатыр. Бастысы онлайн режимде берілген өтінішті берген тұлға өзі бақылап отыруына мумкіндік бар.

Кәсіпкерлер несиені өтей алмаған жағдайлар жиі болып тұра ма ?

— Корпорацияның мақсаты — қаржыландырған жобаның тұрақты болуы. Несиені өтей алмаған жағдайда, Корпорация тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Түрлі себеппен төлемдерді кешіктірген жағдайда , мерзімін жылжыту мәслесі де қарастырылған.

Шағын және орта несие қанша уақытқа беріледі және максималды суммасы қанша?

— Бүгінгі таңда Корпорация тарапынан ауыл шаруашылығың барлық бағыттарын қамтитын бірқатар негізгі несие бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Мәселен:
Етті бағыттағы ірі қара және ұсақ малдың санын арттыруға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасы 4 % арқылы 15 жылға дейін несие алуға болады.
Көктемгі егін және өнімді жинау жұмыстарына «Кең дала» атты бағдарламасы бойынша жылдың аяғына дейін 2 % несие алуға болады.
Экспорттық әлеуеті бар жобаларды қаржыландыру үшін «Агроэкспорт» бағдарламасы бойынша 8 % он жылға дейін несие алуға болады.
Жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5000 МРП-ға дейін , 84 айға дейін, 6 % несие алуға мүмкіндік бар.
«Агробизнес» бағдарламасы бойынша мал бордақылау алаңдарын толтыруға, мал өсіретін репродукторларына және басқа да мақсаттарға бағытталған несиелерді он жылға дейін субсидиялау нәтижесінде 6 % несие алуға болады.

Алдағы жоспарларыңызмен бөлісе отырсаңыз ?

— Алдағы уақытта Корпорация тарапынан ауыл шаруашылық саласы бойынша үлесін арттыру, шаруа қожалықтардың құзіреттілігін жетілдіру және саланы диверсификациалау шараларын жүргізу жоспарланып отыр.