5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Әулиекөл сиырын 500-ге жеткізбек

Әулиекөл сиырын 500-ге жеткізбек

Атырау өңірінің тумасы Мұңайтпас Ғұмаров әулиекөл сиырының санын 500 басқа жеткізуді көздеп жүр. Қазір 100 бас сиыры бар. 2015 жылы өзі туып-өскен Қызылқоға ауданы, Жангелдин ауылында қожалық ашқан шаруа ірі қараны түрлендіру үшін ангус сиырын өсіруді ұйғарыпты. 5 жылдан соң, яғни 2021 жылы таңдауы ангуспен бірге, етті бағыттағы әулиекөл сиырына да түсіпті. Аграрлық несие корпорациясының Атырау филиалы бойынша алған несиесі бұл іске септігін тигізген.

«Корпорацияның несиесіне 70 бас әулиекөл асыл тұқымды сиыр мен 4 бұқа сатып алдым. Ақтөбе облысынан әкелдім. Несие тиімді, бұрын да малға алғанбыз. Бір жылға дейін жеңілдетілген кезеңі бар. Әулиекөлді бекерге таңдамадым, қазақстандық тұқым, ауа райына төзімді, тез жетілгіш. Қазір сиырлардың біразы туды, бұзаулары жаман емес», - дейді «Нұр-Ай» шаруа қожалығының басшысы Мұңайтпас Ғұмаров. 

Мұнда әулиекөлден басқа, ангус және жергілікті тұқымды сиырлар бар. Қазір олар бөлек-бөлек бағылып жатыр. Фермер 3 жылдан соң тегі асыл түліктің ұрғашыларын табынға қосып, биылғы еркек бұзауларын сата бастамақ. Бұған қоса, қожалықта қой да, жылқы да бар. Мыңғыртып мал өсіруге кіріскен кәсіпкердің қарамағында 8 адам жұмыс істейді. Жем-шөпті өздері дайындайды, ол үшін жер де, техника да жеткілікті.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.