5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Ағайынды бесеудің берекелі тірлігі

Ағайынды бесеудің берекелі тірлігі

Жамбыл облысының Жамбыл ауданы пияз өсіруге өте қолайлы өңір. Кеңес заманынан бері пияз стратегиялық дақыл ретінде таңдалған. Қазір де сол, жер тырмалап жеміс жеген диқанның дені жыл сайын пияз егеді. Түсім гектарына 70-80 тонна. Бәйтерек ауылының тұрғыны Нұрлан Егізбаев биыл да жылдағыдай өнім алуға үмітті. Агротехникалық шаралар уақытылы жүргізіліп, технология сақталған. Бұған Аграрлық несие корпорациясының жеңілдетілген шартпен берілетін несиесі септігін тигізіп келеді. 

«Аграрлық несие корпорациясының тұрақты клиентімін. 2011 жылғы мен 2016 жылғы несиеге трактор алдым. 2021 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша несие рәсімдеп, тұқым мен химикат сатып алдым. Биыл тағы көктемгі егіс жұмыстарына несие рәсімдедім. Тыңайтқыш, дизельдік отын алдым. Енді «Агробизнес» бағдарламасы арқылы алған Семейден шығатын МТЗ 1221 тракторы мен шөп тайлағыш техниканы күтіп жүрмін», - дейді «Егізбай» шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Егізбаев.

Енді фермерде үш трактор болады. Пиязбен бірге картоп, күздік бидай, жоңышқаны қосқанда жалпы 100 гектарға жуық жерді игеріп отыр. Жартылай тамшылатып суару жүйесімен қамтылған. 5 отбасы бірігіп ашқан қожалық өнімнің жартысын күзде, қалғанын қоймаға сақтап қыста сатады. Пияз көбінесе Ресейге кетеді. Ал картоп ішкі нарықтан артылмайды. Айтпақшы, ағайынды бесеу биыл картоп жинайтын комбайн мен асыл тұқымды «Гиссар» қойын сатып алыпты.