5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Сапалы етпен Ақтауды қамтыған

Сапалы етпен Ақтауды қамтыған

Ақтау қаласының тұрғыны Мұратбек Қаспақбаев 2013 жылдан бастап жергілікті нарыққа ет өткізумен айналысады. Тұрақты біраз клиенті бар. Нарықтың осы сегментін жақсы меңгерген «Дан және Мад» ЖК басшысы мал бордақылау алаңын кеңейтуді ұйғарыпты. Аграрлық несие корпорациясынан несие алып 40 бас жылқы мен 50 бас бұқа сатып алыпты. Әрі өз ақшасына қосымша мал алған. 

«Қысы-жазы мал байлаймыз. Жылқыларды 4 ай, бұқаларды 5,5 ай семіртеміз. Ет түсімі – 53%. Мал бордақылау алаңына 320 бас ірі қара, 218 бас жылқы сыяды. Күніне орта есеппен 700-800 грамм салмақ қосады. Негізінен герефорд, ақбас тұқымды бұқаларды жемдейміз. Ең рекордты көрсеткіш – 517 кг таза ет берді», - дейді бизнесмен Мұратбек Қаспақбаев. 

Бордақылау алаңында бір жылда 200 басқа дейін мал семіртіледі. Биыл ет өндірісін арттыру үшін өзінің күшімен мал сою пунктін дайындаған. Ақтаулық агрокәсіпкер экологиялық таза, сапалы сиыр және жылқы етін ішкі нарыққа саудалап отыр. Ал болашақта қаржылық әріптесі – Аграрлық несие корпорациясынан несие алып мал бордақылау алаңын кеңейтіп, сыртқы нарықты да бағындырмақ.

Айта кетейік, Аграрлық несие корпорациясы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығына жатпайтын өзге салаға несие берген. Бұл еңбек өнімділігін арттыру және жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Корпорацияның басқа да бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.

Сурет: mail.kz