5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Елордада құс еті көбейеді

Елордада құс еті көбейеді

Елорда іргесіндегі Жалтыркөл ауылындағы құс етін өндіретін «Ақдала-Агро» серіктестігі қалың бұқараға әлі кең таныла қоймады. Себебі биыл қаңтар айында ғана ашылды. Әзірге мұнда 3 құсхана бар. Жылына 6 мың тонна ет өндіреді. Бірақ қазан айынан бастап өндіріс көлемі артады. Кәсіпорын аумағында салынып жатқан 6 құсхана пайдалануға беріледі. Ал мұндай ауқымды бизнесті жүргізуге Аграрлық несие корпорациясының жеңілдетілген шартпен берілетін қаржысы септігін тигізген. 

«2020 жылы корпорациядан жеңілдетілген несие рәсімдеп, еуропалық озық құрал-жабдық сатып алдық. Қазір өніміміз Ақмола, Қарағанды, Павлодар және СҚО-да саудаланып жатыр. Мұздатылған тауық етін өндіреміз. Өзімізде құрама-жем өндіретін зауыт бар. Оған қажетті шикізатты да өзіміз егеміз. Егістік жеріміз Түркістан облысының Арыс ауданында», - дейді «Ақдала-Агро» ЖШС басқарушы директоры Аят Қарсыбаев. 

Кәсіпорын 2023 жылы құсхана санын 24-ке жеткізбек. Тиісті талап бойынша көршілес Бабатай ауылында бірнеше құсхана салса, Жібек жолы ауылында сою алаңы мен өнімді сақтайтын қойма бой көтереді. 2024 жылы жылына 100 мың тонна сапалы тауық етін өндіруді көздеп отыр. Бұл құптарлық жайт. Өйткені, Қазақстан тауық етімен өзін-өзі 58 пайызға ғана қамтамасыз етеді екен. Демек, бұл болашағы бар өміршең сала.