Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Голландық әдіс - әкелді табыс

Голландық әдіс - әкелді табыс
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Харьковское ауылындағы «Жас» шаруа қожалығы 2004 жылы құрылған. Негізінен егіншілікпен айналысады. Дәнді және майлы дақылдар егеді. Алайда істі заман талабына сай жүргізуді көздейді. Ақыры ойлана келе тиімділігі жоғары картоп дақылына таңдау жасаған. Ал бұдан мол өнім алу үшін суармалы жүйе керек еді, сөйтіп қожалық басшысы Аграрлық несие корпорациясына жүгінеді.

«Аграрлық несие корпорациясынан былтыр бірінші рет несие алдық, тиімді екен. Бұл қаржыға жаңбырлатқыш машина алдық. Былтыр тәжірибе ретінде 18 гектар жерге гала сортты картоп ектік, өнім де, баға да жаман болмады. Биыл алқап көлемін 80 гектарға жеткіздік, болжам бойынша гектарына 30 тонна өнім аламыз деп отырмыз. Егер суармалы жүйені құрмасақ, әрі кетсе 10 тонна өнім алар едік», - дейді «Жас» шаруа қожалығының басшысы Қарлыға Бұқанова. 

Кәсіп иесі голландық әдіспен егілетін картоппен бірге жүгері мен жоңышқа да өсіреді. Бұл алқапты да суаруға корпорацияның қаржысына алынған жаңбырлатқыш машина пайдаланылады. Мал азығы үшін егілген дақылдан да мол түсім жоспарлануда. Бұған қоса, биыл мұнда картопқа арнап көкөніс сақтау қоймасы жасалып жатыр. Себебі былтырғыдай егістік басынан көтерме бағамен сатып жіберетіндей өнім аз емес. Міне, осылайша канадалық су жаңа құрылғы қостанайлық қожалықтың көкжиегін кеңейтіп отыр.