5115

Call-Орталығы 5115 (Kcell/Activ абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Нұр-Сұлтан қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Тың тәсілді серік еткен агроферма

Тың тәсілді серік еткен агроферма

Агробизнесте үнемі жаңа технология қолданатын ақмолалық «AkkolBeef» серіктестігі таң қалдырудан жалыққан емес. Электр бақташы мен жел сорғысын пайдаланып нарықты бір дүр сілкіндірді. Автопилот жүйесі бұрыннан бар. Жүргізушісіз техника GPS навигатор арқылы алқапқа дәнді дақылды өзі-ақ егіп шығады. Яғни, қожалық нақты егіншілікке қадам басқан. Ақкөл ауданы, Қына ауылындағы агрофермаға мұндай тың тәжірибе мен мол жетістікке жетуде Аграрлық несие корпорациясы белгілі бір үлес қосқан. Бұған дейін мемлекеттің сан түрлі шарапатын көрген. 

«Бұған дейін лизинг арқылы трактор алғанбыз. Ал былтыр Аграрлық несие корпорациясының қаржысына мал азығын дайындауға қажетті жем-шөп жинайтын техника, шөп тайлағыш, роторлы шөп машинасы, жалдауыш, ұсақтағыш сатып алдық. Бізде 500 бас ақбас сиыр мен 300 жылқымыз бар, асыл тұқымды репродуктор-шаруашылық мәртебесін алдық. 8 мың га жеріміз бар, соның 1 мыңы егістік. 200-300 га жерге судан шөбін егеміз, мал азығын өзіміз дайындаймыз. Қалғанына бидай, арпа сынды дәнді дақылдар егіп отырмыз», - дейді «AkkolBeef» ЖШС директоры Расул Сейітқамзин. 

Агроферма биыл көктемде де егіс науқаны үшін корпорациядан жеңілдетілген шартпен несие алған. Енді келесі жылы қосымша жалға алған 4 мың га жерді игермек. Бұл үшін биыл күзде лизингке тағы бір трактор алуды жоспарлаған. Бір қызығы, Өскеменде туған фермер Қазақстанда металлург, Англияда қаржы мамандығын меңгерсе де, агробизнесті сауатты жүргізіп отыр. Қарағандыда жылқы өсіруден басталған кәсіп осылайша сәтті реформа, тиімді несие, сауатты шешім арқасында санаулы жылда еліміздегі  заманауи қожалықтың біріне айналды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады. Толық кеңесті облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларды орналасқан филиалдардан ала аласыздар. Филиалдар сайтта көрсетілген.