Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Интенсивті бақтың өнімі артты

Интенсивті бақтың өнімі артты

«Fresh Land» ЖШС директоры Батыржан Әлібаев механика-математика факультетін тәмамдаған. Бірақ қазір бизнес саласында. 2013 жылы серіктестік ашқан ол Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында интенсивті алма бақ ашуды көздейді. 2020 жылы Аграрлық несие корпорациясына жүгініп, өздерінің иелігіндегі 70 гектар жерді игеруді бастайды.

«70 гектар жердің 21 гектардан астамына өзіміздің қаржымызды жұмсадық. Қалған 49 га жуық жерді Аграрлық несие корпорациясының қаржысына игердік. Италиядан әкелінген алманың 4-5 түрлі сортын ектік. Былтыр, яғни алғашқы жылы 605 тонна өнім алдық. Биыл 1100 тонна өнім алуды жоспарлап отырмыз», - дейді «Fresh Land» ЖШС директоры Батыржан Әлібаев.

Еуропалық технологияға негізделген бақтағы микроклимат алманың өсіп-өнуіне өте қолайлы. Аласа бойлы алма ағашының тамыры әлсіз, сондықтан мұнда шпалерлік жүйе жұмыс істейді. Ал төбесіне күн сәулесі мен бұршақтан қорғайтын тор тартылған. Әрі суды, тыңайтқыш пен электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік беретін тамшылатып суару жүйесі орнатылған.