5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Іскер әйел ауылдан наубайхана ашты

Іскер әйел ауылдан наубайхана ашты

Наубайханасымен ауылының шырайын аша түскен кәсіпкер. Елдің алғысын арқалаған іскер ананың есімі Бибігүл Шахманова. Ол өзі туып өскен Атыраудағы Өрлік елді мекенінен тұңғыш рет ұн тағамдарын әзірлейтін цех ашты. Табысты жан жұмысының алға басуын Аграрлық несие корпорациясынан алған қаржылай қолдауымен байланыстырады.

Ғасырлық тарихы бар ауылдың сәніне айналған аядай ғана наубайхана 3 мыңнан аса тұрғынның қажетін өтеп тұр. Ашылғанына бір жыл уақыт болған кәсіпкерлік нысанда 7 адам жұмыс істейді. Мұнда ұн тағамдарының ондаған түрі дайындалады. Балғын әрі дәмді өнімге сұраныс жоғары.

Наубайхана үшін кәсіпкер Аграрлық несие корпорациясынан 2 рет несие алған. Соның арқасында ісі алға басып, табысқа кенелді. Қазір цехта жоғары сұрыпты ұннан күніне 300 бөлке нан пісіріледі. Биыл өңірде бизнесін дамытуға ниетті 277 адам аталған корпорацияның шарапатын көрген.

«Атырау облысында биыл шаруаларды несиелеу сомасы 3 млрд 144 млн теңгені құрады. Жыл соңына дейін 500 млн теңге шағын кәсіпкерлік субьектілерін, ауылдық жердегі кәсіпкерлерді қолдауға жұмсалады деп жоспарлап отырмыз», - дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Рахмет Жаңбыров.

Корпорация егін салып, мал баққан шаруаларды ғана емес, ауылда шағын кәсіп ашқан тұрғындарды да қолдайды. Бүгінде Атырауда 1500-дей адам қаржы ұйымынан несие алып, шаруасын тіктеген. Наубайханашы Бибігүл де кәсібін одан әрі кеңейтіп, өнім түрін көбейтпек. Ол үшін тағы да сенімді инвестициялық әріптесіне жүгіну ойында бар.

https://qazaqstan.tv/news/167854/