5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Отыз гектардан басталған бизнес

Отыз гектардан басталған бизнес

Алматылық Сергей Говоровтың мамандығы инженер-құрылысшы, алайда соңғы 3 жылдан бері агробизнесте жүр. Бұған досы себепші болыпты. 2013 жылы 30 гектар жерге алма өсіріп бастаған сенімді серігі оны бизнес әріптес ретінде көрген екен. Алма, таңқурай, жоңышқа еккен екі дос 2019 жылы болашағы зор интенсивті алма бақ өсіруді жөн санапты. Алайда соңғы технологияға негізделген 130 гектар бақ салуға біраз қаржы керек, ойлана келе агробизнесмендер Аграрлық несие корпорациясын таңдаған.

«Аграрлық несие корпорациясының «Агробизнес» бағдарламасы бойынша несие алдық. 2020 жылы «Гала», «Голден Делишес», «Фуджи», «Ред Делишес», «Ред Джонопринц» сынды алманың итальяндық 5 сортын ектік. Көшеттерді Италиядан әкелдік. Неге алма десеңіз, біз алма егетін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының жері бау-бақшаға қолайлы. Былтыр 350-400 тонна шамасында алғашқы өнім алдық, биылғы болжам 800 тонна алма», - дейді «Алма-Атинские яблоки» ЖШС директоры Сергей Говоров. 

Аграрлық несие корпорациясының қаржысына 2020 жылы ауыл шаруашылығы техникасын алған кәсіп иесі сол жылғы қиындықты айтады. Карантинге байланысты шекара жабылып, көшет дер кезінде жетпей, біразы өспей қалыпты. Сол көшеттерді ауыстыру үшін серіктестік биыл тағы корпорациядан несие алған. Алдағы 4 жылда интенсивті бақ толық қуатына шығып, 8 мың тонна алма тереді. Бұған тыңғылықты дайындалып, келесі жылы Аграрлық несие корпорациясынан несие алып, заманауи жеміс қоймасын салмақ.