5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тәуелсіз директорлары сайланды

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тәуелсіз директорлары сайланды

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 20 шілдедегі № 30/22 шешімімен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тәуелсіз директорлары сайланды.

Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін корпорацияның директорлар кеңесінің мүшелері тәуелсіз директорлар ретінде Біртанов Есжан Амантайұлы мен Төлешов Яхия Жаңабайұлы сайланды.

Осылайша, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамына: Директорлар кеңесінің төрағасы Н.С.Айдапкелов; тәуелсіз директорлар Е.А.Біртанов, С.Н.Мәдиев, Я.Ж.Төлешов; Директорлар кеңесінің мүшесі - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Әшірбеков А.Б., Директорлар кеңесінің мүшелері – Жалғыз акционердің өкілдері Н.Ж.Көшкімбаев, В.В.Сон кіреді.

Анықтама үшін ақпарат:

Біртанов Е.А. Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетін «Экономика және менеджмент» (бакалавриат, магистратура, аспирантура) мамандығы бойынша, «Тұран» университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. «ҚР Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры, ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары - Алматы қаласындағы Тұрақты Өкілдігінің Басшысы болып еңбек еткен.

Төлешов Я.Ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Механика және қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітірген. Стэнфорд университетінің Стэнфорд кәсіптік даярлау орталығының «Жобаларды басқарудың ілгері деңгейіне бағытталған IPS және кәсіби даярлау» бағдарламасы бойынша SCPM сертификатына ие. «Kazakh Invest» ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі - жобалар жетекшісі, «Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі, «ҚР Ұлттық Банкі» ММ қаржы технологиялары департаменті директорының міндетін атқарды. 2022 жылдың маусымынан бастап – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасының өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары.