5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Moody's Investors Service ағымдағы рейтингін сақтады

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Moody's Investors Service ағымдағы рейтингін сақтады

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) Moody's Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі өзінің BA1 деңгейіндегі рейтингін сақтап қалғандығы туралы хабарлайды. Өзгерістер болжамға «Тұрақтыдан» «Жағымсыз» әсер етті.

Бүгінгі таңда Корпорация агроөнеркәсіптік кешенді несиелеудің жетекші институты болып табылады. Екінші деңгейлі банктердің агробизнесті несиелеуге қызығушылығының төмендігіне байланысты Корпорация оператор ретінде саланы қол жетімді несиелермен қаржыландыруға арналған бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырады. Сонымен, 01.01.2019 ж. жағдай бойынша портфельдің өсімі 01.01.2019 жылмен салыстырғанда 110 млрд. теңгені құрады, ал мемлекеттік бағдарламалардың үлесі 90% құрайды.

2017 жылдан бастап Корпорация түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Импортты алмастыру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаражат жылыжайлар, бақтар, ет комбинаттары, бордақылау алаңдарының құрылысына, мал шаруашылығын, майды қайта өңдеуді, сүт фермаларын, құс фабрикаларын және т.б. дамытуға жұмсалды. Мұндай жобалар пайдалануға берілгенге дейін және өндірістік қуаттылыққа жеткенге дейін Корпорацияның портфелінде «құнсызданған несиелер» ретінде жазылады. Бұл өз кезегінде қаржылық көрсеткіштерге әсер етеді.

Корпорация ауылдық жерлерде микробизнесті қолдау арқылы 21000-нан астам шағын және орта фермердің басын қосқан несиелік серіктестіктерді қаржыландырады. Форс-мажор жағдайларына байланысты (құрғақшылық, су тасқыны және т.б.) бір фермерді қайта құру кезінде несиелік серіктестіктің барлық портфелі ҚЕХС талаптарына сәйкес құнсыздануға ұшырайтындығын атап өткен жөн. Өкінішке орай, несиелердің құнсыздануы ауылшаруашылық саласының ерекшеліктерін ескермейді.

Даму стратегиясына сәйкес Корпорация агроөнеркәсіптік кешенді несиелеуді жыл сайын ұлғайта отырып белсенді қолдауды жалғастыруды жоспарлап отыр.