«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өз оқырмандарын қызметкерлердің 2022 жылдың 4-ші тоқсанындағы жеке және мансаптық жетістіктері, кадрлық резервтегі ауыс-түйістер, өзгерістер туралы хабарлайды.
- Тәжібаев Бауыржан Ермекұлы Жамбыл облысы бойынша филиалдың бөлім басшысы қызметінен Жамбыл облысы бойынша филиал директорының мониторинг жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.
- Бекмағамбетов Ілияс Қазбекұлы қаржы институттары мен несие серіктестіктерін қаржыландыру департаментінің менеджері қызметінен Ұлытау облысы бойынша филиал директоры қызметіне ауыстырылды.
- Керімбаева Жадыра Абайқызы тәуекел менеджменті департаменті кредиттік тәуекелдер бөлімі басшысы қызметінен тәуекел менеджменті департаменті директоры қызметіне ауыстырылды.
- Югай Евгений Адреевич тәуекел менеджменті департаменті кредиттік тәуекелдер бөлімі менеджері қызметінен тәуекел менеджменті департаменті кредиттік тәуекелдер бөлімі басшысы қызметіне ауыстырылды.
- Салтанат Мұратханқызы кредиттерді әкімшілендіру департаменті субсидиялау бөлімі менеджері қызметінен Ұлытау облысы бойынша филиалы әкімшілендіру секторының жетекшісі қызметіне ауыстырылды.
- Сәбитов Мейрам Шоқтайұлы Ақмола облысы бойынша филиалы мониторинг бөлімінің бас маманы қызметінен Ұлытау облысы бойынша филиал директорының орынбасары қызметіне ауыстырылды.
- Мақұлбаев Ернұр Айтқалиұлы Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы проблемалық кредиттермен жұмыс секторының бас маманы қызметінен филиалдың проблемалық кредиттермен жұмыс секторының жетекшісі қызметіне ауыстырылды.
- Салманов Ерлан Раушанбекұлы Қызылорда облысы бойынша филиал заңгері қызметінен филиалдың заң бөлім басшысы қызметіне ауыстырылды.
- Мұхамадиев Дулат Біржанұлы Жетісу облысы бойынша филиалы несиелеу бөлімінің бас маманы қызметінен Жетісу облысы бойынша филиал директорының несиелеу жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.
- Имашев Әлібек Қойшыбайұлы Жамбыл облысы бойынша филиалы несиелеу бөлімінің бас маманы қызметінен Түркістан облысы бойынша филиалы директорының несиелеу жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.
- Мұхитбеков Алдияр Михаилұлы тәуекел менеджменті департаменті кредиттік тәуекелдер бөлімі менеджері қызметінен Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының несиелеу жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.
- Жиенгелдинов Ержан Рақымбекұлы Жетісу облысы бойынша филиал заңгері қызметінен филиалдың заң бөлім басшысы қызметіне ауыстырылды.
- Шаумекенов Сәрсенбай Сатыболдыұлы Ақмола облысы бойынша филиалы мониторинг бөлімінің басшысы қызметінен филиал директорының мониторинг жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылды.
- Лунёв Николай Владимирович Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалдың мониторинг бөлімінің бас маманы қызметінен филиалдың мониторинг бөлімінің басшысы қызметіне ауыстырылды.
Әріптестерімізді жаңа қызметімен құттықтаймыз! Жұмыста табыс тілейміз.
Сондай-ақ, 2022 жылдың төртінші тоқсанында Қоғам қызметкерлерінің отбасы құрамында айтарлықтай өзгерістер болды. Осылайша, 1 қызметкер отау құрып, отбасын құрды, 24 қызметкер балалы болды. Осыған байланысты аталған қызметкерлерге ішкі нормативтік құжат талаптарына сәйкес, олардың өтініштері бойынша Қоғам тарапынан материалдық көмек көрсетілді.