5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Корпорация сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің сертификаттық аудитінен өтті

Корпорация сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің сертификаттық аудитінен өтті
«Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының портфолиосы тағы бір маңызды сертификатпен толықты. Компания ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің сертификаттық аудитінен өткен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары ішінде алғашқы атанды.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жегі құрты. Квазимемлекеттік сектордағы әрбір компания ғасыр дертімен күресте өзінің саясатын әзірлеп, қатаң ұстануға тиіс. Жемқорлық кез-келген ұйымның сапасы мен беделіне теріс әсер ететін үлкен мәселе.

Менеджмент жүйесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, ұйымның іскерлік сенімділігі мен беделін арттыруға көмектеседі.

2022 жылғы 1-3 тоқсанда «Аграрлық несие корпорациясы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі өткізген ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің сертификаттық аудитінен сәтті өтті. Сертификат және сертификаттау жөніндегі органның тауар белгісі алынды. Бұл стандарт парақорлықтың алдын алуға, клиенттер мен қоғам тарапынан бәсекеге қабілеттілік пен сенімді ұялатуға, корпоративтік мәдениетті нығайтып, қоғам мен барлық мүдделі тарап үшін салауатты жұмыс істеуді және бәсекелестік ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.