5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 7172 55 99 96 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

АНК несиесі: Тігін бизнесін кеңейтті

АНК несиесі: Тігін бизнесін кеңейтті

Камиля Іздібаева - Қызылорда қаласында тұратын кәсіпкер, көп балалы ана. 2005 жылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, қалыңдықтың жүгіне салынатын ұлттық нақыштағы төсек-көрпе жабдықтарын тігуді қолға алған. Кейін келе қызметіне сұраныс артып, Камиля өз ісін кеңейтуді ойлады. Жоспарының жүзеге асуына Аграрлық несие корпорациясы көмектесті.

Тігінші былтыр жазда кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріп отырған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нда несие рәсімдеді. Алынған қаражатқа қосымша көрпе тігу машинасын сатып алды.

Бүгінде Камиля Іздібаева табысты кәсіпкер, екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар тігетін қалыңдықтың жүгі: ұлттық нақыштағы 5 жамылғы көрпе, 4 жастық және 6 көрпеден құралған, бағасы - 250 мың теңге. Күніне 10-15 көрпе тігеді. Кәсіпкер мата, моншақ, таспа, ине-жіпті Шымкент пен Қызылордадан сатып алады. Аграрлық несие корпорациясының жеңілдетілген несиесінің арқасында Камиля өз ісін дамытып, табысын еселеп жатыр.