5353

Call-Орталығы (жұмыс уақытында) 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес) 8 701 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін) Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Әуелі ірі қара, енді - жылқы

Әуелі ірі қара, енді - жылқы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылының тұрғыны Бердібек Қиланов бұрын да біраз бас мал ұстаған. Бірақ шаруасын жаңаша дөңгелетудің жолын іздеген. Екінші деңгейлі банктердің несиесі тым қымбат, шаруа адамының қалтасы көтермейді. Ақырында 2020 жылдың наурыз айында Аграрлық несие корпорациясынан несие алған.

Жеңілдетілген несиеге 18 бас бие мен 2 айғыр сатып алған екен. Өзіндегі жылқы малын қосқанда екі жылда қылқұйрық саны 143 басқа жеткен.

Қожалықта 750 га жайылымдық жер мен жайлы қора-қопсысы бар. Қазір мұнда екі адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Малшыларға арналған үйге күн панелі арқылы электр қуаты тартылған, спутниктік интернет те бар.

Саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнаған шаруа адамы 2014 жылдан бері Аграрлық несие корпорациясынан несие алып келеді. Жылқы өсіру үшін несие алған кезде ірі қара саны 200-ден асатын. Сенімді қаржылық әріптестен қолдау тапқан қожалық қазіргі таңда балғын сиыр етін шығаруда өңірде жетекші орынға жайғасқан.

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған бағдарлама әлі де жалғасуда. Аграрлық несие корпорациясының несиелеу бағдарламалар мен облыстық филиалдардың мекен-жайлары туралы ақпарат www.agrocredit.kz сайтында жарияланған.