5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Жайлауда жылқы жайған

Жайлауда жылқы жайған

Алматы облысының Ұзынағаш ауылының тұрғыны Роза Әмірғалиева 25 жыл бұрын «Тұлпар» шаруа қожалығын ашқан. Табындап сиыр, отарлап қой да баққан. Алайда Кішісаз жайлауының жері Қамбар ата түлігіне қолайлы еді. Сөйтіп өзіндегі азын-аулақ жылқыны көбейту үшін Аграрлық несие корпорациясының жеңілдетілген несиесіне жүгініпті. 

«Мақсатты жұмсасаң Аграрлық несие корпорациясының несиесі тиімді, пайызы төмен. Бұрын да несие алып, уақытында өтегенбіз. 2021 жылы 60 бас жылқы сатып алдық. Бие байлап, қымыз саудық. Ал биыл сауыншы жоқ болғасын мұны уақытша тоқтатып қойдық. Қазір үйір тауда жүр, қысы-жазы далада бағылады», - дейді «Тұлпар» шаруа қожалығының басшысы. 

Тоспа тауының бөктерін жайлаған қожалық мал басын көбейтуді жоспарға енгізген. Былтыр алынған 60 бас биенің биыл 48-і құлындаған. Малға қарайтын екі бақташы бар. Ендігі мақсат – күзгесалым былтырғыдай жылқыларды бордақылап, жылқы етін нарыққа шығаруды жалғастыру. Әзірге, үйір-үйір жылқы жайлауда өрісте жүр.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның  бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.