5353

Call-Орталығы 5353 (Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін) 8 7172 55 99 77 (Астана қ. стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы операторлардың абоненттері үшін - оператор тарифіне сәйкес)
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen

Медиа орталық

Мақсатымыз - халыққа қол жетімді бағада сапалы өнім ұсыну

Мақсатымыз - халыққа қол жетімді бағада сапалы өнім ұсыну

Аграрлық несие корпорациясы ауыл шаруашылығы бизнесімен айналысатын атыраулық кәсіпкерлерді несие беру арқылы кәсіптерін еселеуге мүмкіндік беріп отыр.

Солардың бірі - "Agro-Industrial Complex" ЖШС. Көршілес Батыс Қазақстан облысынан жайлымдық жер телімін алып, «Агробизнес» несиелеу бағдарламасы бойынша берілген несие қаражатына шаруашылығын кеңейтті.

Өткен күзде мал шаруашылығын дамытуға несие алып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды. Шаруашылықта бұған дейін 85 бас жылқы болған. Мақсаты белгілі: халықты экологиялық таза, сапалы, табиғи құнарлы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Әсіресе қала халқының тарапынан ет, сүт, май өнімдеріне деген жоғары сұранысты қамтамасыз ету.

"Agro-Industrial Complex" ЖШС басшысы Дархан Жаңабаевтың айтуынша, «2021 жылы облысымызда айтарлықтай өз¬ге¬рістер болған жоқ. Әйтсе де, сандық көрсеткіштердің көбейгеніне қарап, аталған саланың кері қарай емес, алға қарай кетіп бара жатқаны қуантады. Батыс Қазақстан өңірі мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы, төрт түліктің қай түрі болса да тез көбейеді. Тек бабын табу керек. Мал шаруашылығын өркендету дегеніміз - өз өрісің мен қораңды ғана малға толтыру емес, халыққа қол жетімді бағада сапалы өнім ұсыну екенін естен шығармаған жөн.

Өткен жылы Аграрлық несие корпорациясы Атырау облысында барлық бағыттар бойынша 1,9 млрд теңгеден астам сомаға 93 жобаны қаржыландырды. Қаржыландырудың арқасында шаруашылықтар 456 бас мүйізді ірі қара, 371 бас ұсақ мал, 78 бас түйе, 346 бас жылқы сатып алды.